Сот жүйесінің цифрлануы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің барлық саласының сандық дәуірге көшіп, жасанды интеллект игілігін көруге үндейді. Осы орайда еліміздің сот жүйесі – елімізде алдыңғылар болып сандық жүйеге көшкен салалардың бірі.

Сандық жүйенің арқасында салада көптеген игілікті жобалар жүзеге асты. Соның бірі қазіргі таңда судьялар қарайтын істер автоматтандырылған жүйе арқылы бөлініп отырады. Бұл салаға адам факторы араласпай, істердің арнайы жүйе арқылы бөлініп, жемқорлықтың алдын алуға да өзінің оң ықпалын тигізді. Бұл өз кезегінде халықтың сот жүйесіне сенімін арттырды. Сот саласы мамандарының басты мақсаты да осы – халықтың сенім үдесінен шығу.

Осындай артықшылықтарының арқасында қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалануға ден қойған. Жаңа технологиялардың сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштерін оңтайландырып, ең бастысы, халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуі өте қолайлы болып отыр.

Жалпы, сот жүйесiнде қазiргi заманғы технологияларды енгiзу және қолдану сот iсiн жүргiзудi жеңiлдетiп, бюрократиялық кедергiлердi жойып жатқандықтан, саланың дер кезінде заман сұранысына қарай бейімделуі көпшіліктің көңілінен шығып тұр. Осы орайда, сот отырыс залдарын 100 пайыз дыбыс-бейне тіркеу құрылғысымен жабдықтау арқылы сот отырысын жүргізу барысында туындайтын даулы сәттердің алдын алуға мүмкіндік туды, соттармен де, түзеу мекемелерімен де қашықтан сот отырыстарын өткізуге мүмкіндік берді.  Сондықтан халық игілігі үшін алдағы уақытта да заманауи ақпараттық технологиялар енгізіле бермек.

С.Б. Аршабекова, Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотының судьясы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...