Қазақстанда соңғы жылдары сот жүйесін реформалау бағытында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістердің мақсаты – сот төрелігінің сапасын арттыру, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту.
Сот жүйесін реформалауға бағытталған келесідей заңнамалық өзгерістер еді:
1) 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңға өзгерістер енгізуге қол қойды. Бұл өзгерістер судьялардың тәуелсіздігін күшейту, сот жүйесіне кәсіби кадрларды тарту және барлық кадрлық функцияларды Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру мәселелерін қамтыды.
2) 2024 жылы Парламент сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасын таныстырды. Бұл заң жобасы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында әзірленді. Заң жобасына енгізілген түзетулер үш блокқа бөлінеді: Сот жюриі жұмысын жақсарту, Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия қызметін өзгерту және судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту .
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Қазақстанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық соттар құрылатын болды. Бұл соттар Жоғарғы Соттың кассациялық сатысын алмастырып, сот актілерін қайта қарау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жаңа механизм Жоғарғы Сот төрағасының өкілдік институтын ауыртпалықсыз жоюға мүмкіндік береді .
Судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі де өзгерістерге ұшырады. Енді судьялардың кәсіби қызметін бағалау алғашқы үш жылдың нәтижелері бойынша жүргізіледі. Бұл тәжірибе судьялардың кәсіби деңгейін арттыруға және олардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған .
Сот жүйесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сот отырыстарының онлайн өтуі, алқа билерді іріктеудің цифрлық жүйеге көшуі және сот процестерінде жасанды интеллектті қолдану сот жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған .
Қазақстанда сот жүйесін реформалау бағытында жүргізіліп жатқан бұл өзгерістер азаматтардың әділ, тәуелсіз және кәсіби сотқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру арқылы азаматтардың сотқа деген сенімі нығайтылады деп күтілуде.
Түсіпбаева Әлия Жұмағалиқызы
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының
бас маманы