12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Бұл ереже қоғамның барлық саласында, соның ішінде сот жүйесінде де негізгі құқықтық әрі әлеуметтік маңызға ие. Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі — азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық әрі әділ қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуы – сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығының кепілі. Азаматтардың өз тілінде арыз беріп, түсініктеме жазуы, куә ретінде сөйлеуі – олардың табиғи құқығы. Егер сот ісі қазақ тілінде жүргізілсе, бұл қатысушылардың барлығына үдерісті жақсы түсінуге, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша мемлекеттік тіл тек ресми құрал ғана емес, әділеттілік пен теңдік принциптерін жүзеге асырудың маңызды тетігіне айналады.

Қазіргі таңда сот жүйесінде қазақ тілін дамыту бағытында бірқатар шаралар қабылдануда. Электрондық сот ісін жүргізу жүйелерінде қазақ тіліндегі нұсқалар енгізілуде, сот қызметкерлерінің тілдік біліктілігін арттыруға арналған курстар ұйымдастырылуда. 

Дегенмен, мемлекеттік тілдің сот тәжірибесінде толыққанды қолданылуына әлі де кедергілер бар. Кейбір өңірлерде істердің едәуір бөлігі орыс тілінде қаралады, бұл қазақ тіліндегі сот ісін жүргізудің сапасына әсер етеді. Сондықтан сот жүйесінде мемлекеттік тілді нығайту үшін кадр даярлау, аударма сапасын арттыру және заңнамалық құжаттарды қазақ тілінде жетілдіру өзекті мәселе болып қала береді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі – тек тіл саясатының көрсеткіші емес, ол — ұлттық бірлік пен құқықтық мәдениеттің айнасы. Мемлекеттік тілді сот жүйесінде кеңінен қолдану – әділ сот төрелігінің, азаматтардың тең құқығы мен мемлекеттің егемендігін нығайтудың басты шарты.

Ақтөбе қалалық соты әкімшісінің бас маманы               Әсемгүл Кенесова

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...