СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде сот жүйесін цифрландыру — әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Қазақстан да бұл бағытта қарқынды қадамдар жасап келеді.

Электрондық сот ісін жүргізу – цифрландырудың негізгі жетістігі. «Төрелік», «Сот кабинеті», «Е-апелляция», «Е-қылмыстық іс» сияқты электронды платформалар азаматтар мен заңды тұлғаларға сот процесіне қашықтан қатысуға, құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етеді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы пайдаланушылар:

— талап арыздар мен өтініштерді онлайн бере алады;

— істің мәртебесін қадағалап отырады;

— сот актілерін жүктей алады;

— онлайн түрде тыңдауға қатыса алады.

Артықшылықтары:

— Жылдамдық және тиімділік;

— Ашықтық пен айқындық;

— Адам факторын азайту;

— Құжат айналымын оңтайландыру.

Цифрландыру сондай-ақ видео-конференц байланыс арқылы отырыстар өткізуге жол ашты. Бұл әсіресе шалғай өңір тұрғындарына, денсаулығына байланысты келе алмайтын тараптарға сотқа қатысуға мүмкіндік беріп отыр.

Сот жүйесіндегі цифрландыру — тек техникалық жаңғыру емес, бұл әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудің заманауи тетігі. Болашақта бұл бағыт толық автоматтандырылған, ашық және халыққа ыңғайлы сот жүйесін қалыптастыруға негіз болады.

Маңғыстау облысының қылмыстық 

істер жөніндегі  мамандандырылған 

ауданаралық сотының бас маманы – 

сот отырысының хатшысы

А.Ахибаев

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...