12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот залында тәртіп сақтау міндет

Мемлекетіміз адам құқығының қорғалуына кепілдік етеді. Ел азаматтары шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан заң мен сот алдында тең. Олар білікті заң көмегін алуға,  ар-ождан бостандығына, сайлауға, сайлануға, мемлекеттік қызметке кіруге, кəсіп түрін таңдауға, елден тыс шығып, еш кедергісіз қайтып келуге, сондай-ақ, заңды түрде алған мүлкін иеленуге, т.б. құқылы. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

Мұны айтып отырғанымыз, халықтың құқықтық мәдениеті мен сауатын көтеруге атсалысу біздің басты міндеттеріміздің бірі, осы себепті, мақаламызда азаматтық істерді талқылау заңдылығына тоқталамыз. Азаматтық істі талқылау соттарда ашық жүргізіледі, соған сай, шешімдер де жария түрде хабарланады. Алайда, азаматтық іс жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттілігі туындаған немесе басқа да мән-жайлар болған жағдайда іске қатысуышының өтінішхаты, сондай-ақ, соттың бастамасы бойынша жабық сот отырысында қаралуы мүмкін.

Жабық сот отырысына іске тікелей қатысы бар адамдар мен өкілдер, ал қажет болса өзге мамандар, куәлар тартылады. Іске тартылғандар құпиялылықты сақтауға міндетті. Сондықтан, қатысушыларға Азаматтық процестік кодекстің 19-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария ету жауапкершілік жүктейтіні ескертіледі. Он алты жасқа толмағандар іске қатысушы немесе куә болмаса сот отырысы залына кіргізілмейді. Жабық сот отырысында аталған кодексте белгіленген барлық қағида сақталады.

 Ашық сот отырысына қатысушылар процестің барысы жайлы жазбалар жасауға құқылы, алайда, суретке, бейнежазбаға түсіріп, тікелей бейнетрансляция жүргізуге соттың рұқсатымен және іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып жол беріледі. Мұндай әрекеттер сот отырысына кедергі келтірмеуі тиіс. Заңды күшіне енген сот актілері соттың интернет-ресурсында жарияланады, Жария түрде талқылауда заңмен көзделген шектеулер ескерілуі керек.

 Сот отырысында қауіпсіздік сақталу үшін төрағалық етуші талқылауға қатысушылардың жеке куәліктері мен заттарын тексеріп өткізуге өкім ете алады. Сот залында қоғамдық тәртіпті сот жасауылы қадағалайды. Заңды күшіне енген сот актілері, сот тапсырмалары, шақырулар мен сұрау салулар, т.б. талаптар міндетті түрде орындалу керек. Ескерерлігі, Конституциялық Сот конституциялық емес деп таныған заң мен  нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдер орындалуға жатпайды.

 Осы кодекстің 21-бабының 3-бөлігінде айқындалғандай сот актілерін орындамау, сотты құрметтемеу әрекеттері заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актісінің қабылдануы іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге кедергі болмайды.

Канапьянова Әсел,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...