12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот қызметі ашықтық пен жариялылық арқылы халыққа жақындап келеді

Соңғы жылдары сот саласына көптеген жаңашылдықтар енгізілді. Заманауи ақпараттық технологияларға сүйене отырып, халыққа қолжетімді қызмет көрсетуді көздеген бұл жаңашылдықтардың барлығы уақыт сұранысы деуге болады. Ашып айта кетсек, соттар қызметінің ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі сапалы түрде жүзеге асыру. Қазіргі уақытта сот органдарында «Электронды үкімет» бағдарламасы шеңберінде электрондық іс жүргізу толықтай іске қосылған, оны сот органдарының «ТӨРЕЛІК» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі қамтамасыз етеді. «ТӨРЕЛІК» жүйесі сот құжаттарының электрондық мұрағаты, ішкі портал, кадрлық жүйе, соттардың Интернет-ресурстары, Call-центр, сот құжаттарымен танысу жөніндегі барлық сервистерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сондықтан қазір сот қызметі барынша жылдам, әрі сапалы қызмет көрсетуде.

Электронды сот қызметінің қоғам үшін аса маңызды екені карантиндік жағдайда анық байқалды. Алыстан ақ басқарылып, арыздар қабылдап, сот отырыстарының өтетін күні белгіленіп, сот отырыстары онлайн жүргізіліп отырды. Осылайша қоғамдағы қозғалыс тоқтамады. Сот қызметіндегі «Сот кабинеті» туралы да айтпай кетуге болмайды. Негізгі сервистердің бірі 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» сервисі деуге болады. «Сот кабинеті» сервисінің қызметі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін жүргізуді тұтастай жеңілдету, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтар сотқа талап арыздарды, өтініштерді, апелляциялық шағымдарды, сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхаттарды  сервис арқылы электронды құжат түрінде ұсына алады, әрбір тұтынушы үшін ыңғайлы жерде интернет арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн түрінде төлеуге мүмкіндік бар.Яғни халық жиі пайдаланытын қызметтер бір жерде топтастырылған.

Сондай ақ барлық сот актілері судьямен электронды санды қолтаңба қойылғаннан кейін бірден «Төрелік» ақпараттық орталықтандырылған жүйе арқылы «Сот кабинеті»  сервисіне түседі. Әрбір сотқа қатысушы сервисті пайдаланушы тарап өзіне қажетті сот актілерінің көшірмелерін  ала алады. Сервис арқылы сот актілерін, құжаттарын және істерді іздеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды «апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына, яғни сот практикасын қорытуға ауысуға болады. Сот кабинетін пайдаланудың ерекшелігі сотқа жүгінген кезде анық байқалады. Сот қызметін барынша жариялылыққа жетелейтін қызметтер өте ыңғайлы. Сот кабинеті Қазақстанның кез келген жерінен сотта жеке қатысуынсыз талап арыз беруге мүмкіндік береді, осылайша уақыт пен сот шығындары үнемделеді, ең бастысы сот жүйесіне қолжетімділік артады, барлық әкімшілік кедергілер жойылады. Істер судьяларға арнайы жүйе арқылы бөлініп берілетіндіктен ол жерде тамыр таныстыққа да жол жоқ.  Жалпы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып, халық игілігіне жол тартып, пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігіне жоғары баға беруде. Сервис күннен күнге жаңаланып, пайдаланушылар үшін оңтайландырылуда. Бүгінде аталмыш сервистің мобильді нұсқасы іске қосылды. Ол халық үшін тіпті қолайлы бола түсті. Енгізіліп отырған «ТӨРЕЛІК» жүйесімен қатар, сот органдары сот қорғауына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған басқа да ақпараттық технологияларды белсенді түрде пайдаланады. Сот қызметі қоғам үшін барынша жариялы болғанының бір дәлелі қазір сот саласындағы барлық жаңалықтар, елең еткізер сот отырыстары әлеуметтік желілер арқылы бөлісіліп отырады. Соттардың әлеуметтік жеілелердегі арнайы парақшалары көптеген сот саласындағы жаңалықтардың жаршысы деуге болады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы Бұқаралық ақпарат құралдарына да барынша ашықтық, сот қызметіндегі жаңашылдықтарды халыққа таныстырып отыру, халықтың құқықтық сауатын арттыру көзделген.

Жаңа технологиялар сот жүйесін жүйелеуге мүмкіндік бере отырып, барлық процестерді айқын және түсінікті етуге, құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға серпін береді. Сот саласына заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот жүйесіндегі сот өндірісінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығын толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан сот саласы халыққа барынша қолжетімді, жақын бола түсуде деп айта аламыз.

Карымбаев Даурен Мэлсович, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...