Сот тұтынушының құқығын қорғады

2023 жылдың маусым айында Ш. «М» ЖШС-нен Қытайда шығарылған жаңа автокөлікті сатып алған.

Үш айдан кейін сағатына 100 км.-ден жоғары жылдамдықпен жүру кезінде ақаулық байқалып, салдарынан автокөлік шанағында қатты діріл пайда болған. Бұл жағдайда панельдің аспап қалқанында ешқандай қателер байқалмаған.

Сатып алушы шартты бұзуды талап еткен. Ал жауапкер көлік құралының техникалық жағынан жақсы екендігін айтып, шартты бұзудан бас тартты.

Газ педалін басқан кезде «автоматты беріліс қорабының қызып кетуі», тартудың өздігінен жоғалуы себебінен кепілдік қызмет көрсету шеңберінде сатушыға бірнеше рет жүгініп, қосалқы бөлшектер ауыстырылған.

Бірақ ақаулық жойылмаған.

Талап қоюшы Ш. сотқа шартты бұзу, төленген соманы қайтару және 500 000 теңге моральдық зиянды өтеу туралы талаппен жүгінді.

Сот сараптамасының қорытындысы бойынша беріліс қорабын компьютерлік диагностикалау арқылы «тұрақты» ақаулықтың «коды» расталды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағында сапасыз тауар сатылған жағдайда, сатып алушының шартты бұзу және соманы қайтару құқығы көзделген.

Тауардың кемшіліктерін сот елеулі деп таныды. Себебі қосалқы бөлшектерді жеткізуді күту уақытын қоса алғанда, пропорционалды емес шығындар мен уақыт шығындарынсыз жою мүмкін емес.

Тұтынушы Петропавл қаласынан елордаға тауардың кемшіліктерін түзету үшін бірнеше рет келуге мәжбүр болған. Бұл қосымша шығындарды тудырған. Сатушының ұсынған тапсырыс-нарядында талап қоюшының өтінішпен жүгінгені және «жаңа бөлшектер келгенге дейін» пайдалынылған қосалқы бөлшектерді ауыстырғаны көрсетілген. Алайда, бөлшектер жаңасына ауыстырылмаған.

Белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот талапты қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын бұзып, сатып алушыға тауар үшін төленген 15 016 000 теңге сомасын қайтару және 100 000 теңге сомасында моральдық зиянды өндіру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енді.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...