12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот тілі қазақыланып келеді

Соңғы жылдары қоғамымызда қазақ тілді аудиторияның үлес салмағы артып келе жатқаны байқалып отыр. Сәйкесінше мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап етушілердің де қатары артып келеді. Осы орайда еліміздегі мемлекеттік тілдің құқығы сот органдарында қолданылуына қарап өлшенеді.

Ал соттағы мемлекеттік тілдің мәртебесі сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Істі сот талқылауына дайындау сатысында сот талап қоюшы (өтініш беруші) талап арыз берілген тілді жеткілікті дәрежеде меңгергенін, сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын түсінетіндігін анықтауға тиіс. Талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтініш келіп түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша пікірді жауапкерден де білуге міндетті. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган (лауазымды адам) күдіктіге (айыпталушыға) оның сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғаушының көмегіне жүгіну құқығын түсіндіруге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі не басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Заңнамаға сәйкес іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктеме және айғақ беру, өтініш білдіру, сотта сөз сөйлеу құқығы қамтамасыз етіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткіліксіз дәрежеде меңгерген адамдарға сот ісін жүргізу тілінде сөйлеуді түсінбейтін не жеткіліксіз дәрежеде түсінетін, осы тілде өз ойлары мен пікірлерін еркін білдіре алмайтын, сондай-ақ әңгімелесу, мәтіндерді оқу, сұрақтарға жауап беру, ауызша және (немесе) жазбаша сөйлеу кезінде басқа да қиындықтарды бастан кешіретін адамдар жататынын назарда ұстаған жөн.

Жалпы соңғы жылдары салада мемлекеттік тілге сұраныстың артып келе жатқанын айта кету керек.

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...