12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот тәртібімен берешекті өндірудің қыр-сыры

Қарыз сомасын қайтару уақыты өткен жағдайда жәбірленуші сот тәртібімен берешекті өндіруге құқылы. Талап арызда жазбаша келісімшарт бірге берілуі керек. Яғни, қолхат немесе борышкердің ақшалай, заттай қарызы барын дәлелдейтін құжаттың болуы маңызды.

Мұндай дауларды сотқа дейін, медиативтік жолмен және сот тәртібінде шешуге болады. Берешекке қатысты туындаған келіспеушілікті сотқа дейін шешудің тиімділігі зор. Себебі мұндай кезде өзге азаматтарды сот отырысына шақырып, тартудың қажеті жоқ. Сонымен бірге, дауды бұлай шешу істі сотта қарауда төленетін мемлекеттік салықтан босатады.  Ал бұл шын мәнінде аз қаржы емес. Бұл жәбірленуші – жеке тұлға даулап отырған соманың 1 пайызын, заңды тұлғалар сомасының 3 пайызын құрайды. Бұған қоса, мәселені сот отырысына жеткізбей реттеу заңгер қызметіне жұмсалатын шығынның үнемделуіне, уақыт пен жүйкеге түсетін салмақты азайтуға ықпал етеді.

Дауды сотқа дейін реттеудің тағы бір оңтайлы тұсы – екі тарап өзара ортақ бітімге келгендіктен борышкер өз берешегін келісілген уақытта қайтаруға тырысады. Ол үшін берешекті қайтару кестесін түзіп, қосымша міндеттемелер жүктеудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ, қарызды, берешекті қайтартуда медиация мүмкіндігін пайдаланушылар қатарының да көбейіп келе жатқанын мойындауымыз керек. Бұл жерде медиаторлардың кәсіби шеберлігі, өз сөзіне ұйыта алуы айрықша роль ойнайды. Осылайша дауға қатысы жоқ үшінші тарап – медиатордың көмегімен жасалған мәмілелер де тараптардың татуласуына, арадағы сыйластыққа сына түсірмеуге, сәйкесінше арадағы кикілжіңді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

Медиатор – екі тарапқа да қатысы жоқ, қос тарапқа да теңдей мүмкіндік беретін, істің нәтижесіне жеке қызығушылығы болмайтын, татуластырушы тұлға. Медиаторлар кәсіби және кәсіби емес негізде жұмыс істейді. Медиация өкілдері қос тарапты ортақ келісімге келтіріп, дауды бейбіт шешкен жағдайда іс бойынша жазбаша келісімшарт түзіледі.

Бұл жерде де дауды сот арқылы шешкеннен медиаторлар көмегіне жүгінудің артықшылығына арнайы тоқталған дұрыс. Себебі, медиатор іске араласқан жағдайда да тараптар уақыты мен қаржысын үнемдеуге қол жеткізеді. Өйткені істі сотта қарауға үш айға жуық уақыт кетуі мүмкін. Әрі бір тарап жеңіп, екінші жақ жеңіліс тапқандықтан даудың бірінші саты сотымен тоқтайтынына да кепілдік жоқ. Ал медиаторлар араласқан дауда жеңген де, жеңілген де тарап болмайды. Медиация сонысымен де құнды.

Ал берешекті өндіру туралы дау сотқа дейінгі тәртіппен шешілмесе, медиаторлардың көмегіне жүгінуге қос тарап ынталы болмаса, іс сот тәртібімен қаралады.

Ғалия Абимурат,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...