spot_img
spot_img

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң қолданысқа енгелі ел азаматтары қарыздарынан заңды түрде босатылу мүмкіндігіне ие болып, оның нәтижесін көруде.  Осы заңмен банкроттықтың соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру рәсімдері көзделген. 

Аталған рәсімдерді қолданудың өзіндік тәртібі мен ерекшеліктері бар. Мақалада солардың ішінде сот арқылы банкрот деп тану рәсімі түсіндіріледі. Сот арқылы банкроттық ірі мөлшерде қарызы бар борышкерлерге немесе өз мүлкімен төлей алатын азаматтарға қатысты қолданылады. 1 600 АЕК-тен асатын қарызы бар және осы берешегі тек банк не шағын қаржы ұйымдары алдында ғана емес, өзге де кредиторлар алдында болған жағдайда  азаматтар сот арқылы банкроттық рәсіміне жүгінуге құқылы. 

Банкрот деп тану туралы талап арыз борышкердің тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі. Бұл туралы борышкер өзінің әрекетінен несие берушілерді хабардар етеді. Талап арыз заңда көзделген барлық шарт сақталып берілсе сотта іс қозғалып, қаржы басқарушысы тағайындалады. Борышкер өзінің мүлкі мен оның құжаттарына қаржы басқарушысының қол жеткізуін қамтамасыз етіп, оған заңмен көзделген тәртіпте ай сайын сыйақы төлейді. 

Қаржы басқарушысы өзінің заңмен белгіленген міндеттерін орындап, қарыздарды өтегеннен кейін сотқа атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол есепті сот бекітіп, банкроттық рәсімін аяқтайды.

Мүлікті сату, сондай-ақ, кредиторлармен есеп айырысу процесі жұріп жатқанда борышкерге елден тыс жерге кетуге болмайды. Алайда, өзіне немесе жақын туысына емделу қажеттілігі туған кезде бұл норма қолданылмайды. 

Сот банкроттық рәсімнің мерзімін анықтайды, алайда, бұл мерзім тоғыз айдан аспауы тиіс. Кредиторлар өтінішімен мерзім  екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін. 

Сот арқылы банкроттық тәртібінің осы заңмен көзделген өзге рәсімдерден ерекшелігі, мұндаборышкердің мүлкі сауда-саттық арқылы сатылып, алдын ала кредиторлар тізімі мен олардың қарыздарын қайтару кезегі жасалады. Мүлікті сатудан түскен қаржы кезектілікке сәйкес, қарызды өтеуге жұмсалады. Бұл қаржы қарызды толық жаппайтын, яғни, қарыз мөлшері мүлік құнынан артық болған жағдайда ішінара өтеледі. Қалған өтелмеген сома борышкердің оны қасақана өтегісі келмейтіндігі туралы теріс пиғылы болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Егер мүлік мүлдем жоқ болса, қарыз кредиторлардың талаптарын қанағаттандырмай жойылады. 

Осы тұста айтып өтерлігі, алименттер бойынша берешек, басқа адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ, қылмыстық құқықбұзушылықтардан келтірілген залалдарды өтеу, сот шешімі бойынша өндірілетін бюджеттік төлемдер есептен шығарылмайды. 

Борышкердің жалғыз баспанасы қарыз бойынша кепіл нысанасы болған кезде ғана сатылады, болмаса бұл рәсім аясында оған өндіріп алу қолданылмайды. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім қаржы басқарушысының қорытындысы ескеріле отырып қабылданады. Сот тәртібімен банкрот деп танылған азаматтар үш жыл бойы салық органдарының бақылауына алынады. 

Көп жағдайда азаматтар банкроттықтың салдарын түсінбей тұрып, талап арыз жазады. Бұл тұрғыда олардың қаржылық ауыртпалығы жеңілдегенімен, заңнаманы қолданудың өзіндік салдары барын да білген жөн.

  Сауле Басканбаева,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...