12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот төрелігінің сара жолында…

Қазақта «Адал еңбек – ардың ісі» деген қанатты сөз бар. Осының айғағындай, ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде абыройлы қызмет етіп, өз ісінің шынайы майталманы атанған Мәулет Ақанұлы Жұмағұловтың есімі Қарағанды өңірінің құқық саласында айрықша құрметпен аталады.

Өмірін заң мен әділдікке арнаған Мәулет Ақанұлы 28 жылға жуық судья лауазымында қызмет атқарған беделі биік тұлға.

1982 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетін заңгер мамандығымен тәмамдаған Мәулет Ақанұлы сот саласындағы еңбек жолын 1990 жылы Қарағанды облысы Тельман аудандық сотының халық судьясы лауазымынан бастаған.

1996-2003 жылдар аралығында Қарағанды облыстық сотының судьясы, Қарағанды облысының мамандардырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымдарын, 2003-2018 жылдары Қарағанды қаласының бұрынғы Октябрь аудандық соты, қазіргі Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы зауазымын атқарып, 2018 жылы құрметті отставкаға шыққан.  

Мәулет Ақанұлы сот жүйесіндегі көп жылғы еңбегі, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары және белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, облыстық сот төрағасының Құрмет грамоталарымен және көптеген Алғыс хаттармен марапатталған.

Судьялық тәжірибесі мен заң саласына сіңірген еңбегі үшін ол әріптестерінің, сот қауымдастығының, және ең бастысы – халықтың зор құрметіне бөленді. Мәулет Ақанұлының әрбір шешімі мен үкімі – әділдік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңның үстемдігін берік ұстанып, адам тағдырына деген зор жауапкершілікпен қарады.

Өнегелі өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі жас буынға үлгі болған Мәулет Ақанұлын қызметтестері талапшыл, әділ, әріптестеріне қамқор, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін ұстаз ретінде сипаттайды.

Бүгінде 70 жасқа толып отырған мерейлі сәтінде Мәулет Ақанұлына зор денсаулық, баянды ғұмыр, отбасына амандық тілейміз!

Заң сақшылары: әділеттілік қорғаушылары қайда туады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті — білімнің шақыруға айналатын...

Елімізде қай салада жұмыспен қамтылғандардың саны артқан?

Қазақстандағы еңбек нарығы 2025 жылдың соңына қарай бірқалыпты тұрақтылық...

Өндірістегі өркендеу: зауыттар ашылып, экспорттық әлеует артты

Қазақстан өз өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тұрақты өндірістер құруға...

Туристическая отрасль Казахстана демонстрирует уверенный рост: итоги начала 2025 года

Туристическая индустрия Казахстана продолжает динамичное восстановление и переход к...

Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді

 Бүгінде жастарға құқықтық тәрбие берудің олардың болашақта құқық бұзушылықтар...