12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот статистикасын жүргізу сапаны арттырады

Сот статистикасы құқықтық ста­тистиканың бір бөлігі ретінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша төрелікке тартып, қылмыстық істің сотқа дейінгі және сот актілерін орындау кезеңіндегі әділсот талаптарын жүзеге асырады. Статистика соттардың про­цес­суал­дық қызметі туралы да, қа­­рал­ған істің мөлшері мен нәти­желе­рі ту­ралы да сандық және сапа­лық көр­­­сеткіштерді есепке алады. Бұл сот саласының жұмыстарын саралауға жол ашады. Сот статистикасының негізінде белгілі бір заңдылықтарды, мәсе­лен, аза­маттардың құқы мен еркін­дік­терін қорғау үшін сотқа ша­ғым­дану үдерісін, әділ­соттың ажы­рамас бөлігі саналатын бас­қа да мәселелер санатының кө­беюін немесе азаюын айқындауға болады.

Сот статистикасын қалыптастыру бір-бірімен байланысып жатқан бірнеше сатылы кезеңдерден тұра­ды. Әуелі соттардың істі әділ­сотқа жолдауы мен оның нәтижелері қа­да­­ғаланып, содан соң түскен деректер топтастырылады. Мәселен, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша соттар қызметінің ерекшеліктерін жекелей көрсететін көрсеткіштерді топтарға бөледі. Аталған деректерді жинақтап болған соң мұқият талдауға кіріседі. Әсіресе еліміз цифрлы технологияға көңіл бөліп, Жоғарғы соттың Ахуалдық орталығы ашылғалы бері сот статитискасын жүргізуге айрықша көңіл бөліне бастады. Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады. Ол тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпаратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүмкіндік береді. Мәселен, процестік мерзімді бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процесінің уақтылы басталуы секілді мәселелер тіркеледі. Осы орайда сот саласына енгізілген өзгерістер сот статистикасын уақытылы жүргізуді талап етіп, уақыт сұранысын қанағаттандыру екенін айта кеткен жөн.

Сот статистикасы елімізде жүйелі жүргізіле бастағалы бері соңғы жылдары  іш­кі істер органдарында қол­да­ны­ла­тын арыз­дарды есепке алу­дың электронды тіркеу кітап­шасы тәртібіне түбе­гейлі өз­ге­ріс­тер енгізілді. Сөй­тіп, арыз-ша­ғым­дарды дер кезінде қарау алдыңғы орынға шы­ғып, олар­дың қаралуы анағұр­лым жақ­сар­ды.

Арыз-ша­ғымдарды қарау сатылары ашық­тыққа ие болғаннан бері қыл­мыс­тарды тіркеу саны да өсті. Соған сәйкес тіркелген қылмыстар саны да еселеп артты. Әсіресе, бұрын дәс­түрлі түрде тіркеуден жасырылып келген қылмыстың ұрлық, тонау, бұзақылық сияқты санат­тарының бүгінгі күні өсіп отыр­ғанының бір себебі осында деуге болады. Бүгінгі күні елі­міз­дің құқықтық статистикасы жа­ңа технологияларды пайдалану жә­не енгізу жағынан алдыңғы орын­да тұр деп айта аламыз.

Абдрешева Макпал Джамбуловна, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының бас маманы.

 

Медиация – дауды шешудің ең тиімді жолы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексте татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді...

Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылуы

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу Қазақстан Республикасындағы...

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы....

Медиация в Казахстане: современный механизм разрешения споров

Понятие медиации Медиация — это форма альтернативного урегулирования споров с...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып,...