12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шешімі орындалуымен құнды

Сот шешімі – сот жұмысының ең негізгі түйіні. Сотқа жүгінген азаматтар өз құқығының мінсіз қорғалып қана қоймай, судья шығарған шешімнің дер кезінде орындалғанын қалайды. Өйткені сот актілері орындалуымен құнды.

           Азаматтар медиациялық келісімге келу, татуластыру туралы ұсыныс жасалғанда ең алдымен сот шешімінің орындалатынына күмәні болғандықтан, бітімге келуден бас тартып жататын. Бірақ, «Медиация туралы» заңның тәртібін түсіндіріп, сот шешімін орындауға қатысты талаптардың пәрменіне көзі жеткен соң, медиациялық келісімге келуге ынта танытатын болды. Медиацияның сотқа жүгінуден артықшылығы да осында.

           Мәселен сот процесі біраз уақытқа созылып, әуре-сарсаңы көп болса, медиацияда тараптар тез арада уақыт пен қаржысын үнемдей отырып дауды шешуге қол жеткізеді. Бұған қоса, сот барысында тараптар өзінің талабын дұрыс деп, сөзге келетін, сыйластықтан кететін болса, медиация барысында ортақ мәмілеге келетіндіктен, өзара сыйластыққа сына түспейді. Сот барысында тараптар арасындағы дау ашық талқыға салынады, ал медиацияда құпиялық сақталады. Ең бастысы, сотта бір тарап жеңіліп, екінші тарап жеңілсе, медиацияда жеңілген тарап болмайды. Өзара келісімге келгендіктен, сот шешімі де еш кедергісіз орындалады.

           «Медиация туралы» заңның 175-бабында «Татуласу келісімін жасау» тәртібі дәйектелген. Осы баптың 3-бөліміне сәйкес, татуласу келісімін сот бекітеді. Бұл келісімде шешімді орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптарбітімге келген шарттар толық қамтылуы тиіс. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді. Сот татуласу келісімін жасаған кезде тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндіреді. Заңның 178-бабында татуласу келісімін орындаудың тәртібі көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып, татуласу келісімін жасасқан тұлғалар келісімді көзделген тәртіп пен мерзімдерде ерікті түрде орындауы тиіс. Ал егер келісім көрсетілген мерзімде ерікті түрде орындалмаған жағдайда сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатылады.

           Сондықтан, азаматтар татуластыру келісімін, медиациялық келісім жасаудан қорықпауы керек.

Н.С.Серикова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

В ОСДП обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан

В Центральном аппарате Общенациональной социал-демократической партии (ОСДП) состоялось заседание...

ЖСДП Конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша ортақ ұстанымын білдірді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының...

Біздің таңдауымыз – сот саласындағы жемқорлықсыз болашақ

Сот жүйесі – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігінің негізгі...

Предлагаемые изменения формируют обновленную институциональную модель страны – Гульнара Байкушикова

Принципиальным элементом проекта является закрепление прав и свобод человека...