12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шешімі анық жазылуы тиіс

Сот шешімі ресми құжат, оның заңмен көзделген өзіндік құрылымы бар. Алайда көп жағдайда тараптар сот шешімін түсінбегендіктен қайта арызданып, істі көбейтіп жатады. Сондықтан 2018 жылдан бастап Жоғарғы Сот тарапынан судьяларға шығарған сот шешімдерін түсіндіру жүйесі енгізілген болатын. Сот шешімді жариялағаннан кейін судья қабылдаған шешімді мәнін, дәлелін және құқықтың салдарын түсіндіреді. Осы пилоттық жоба бойынша қортынды жасаған кезде шешім бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуінің арқасында сот істерінің ішінде шағым түсу пайызының азайғаны анықталып отыр. 

Яғни әрбір сот шешімі түсінікті болып, судьялар тарапынан түсінікті тілде түсіндірілуінің маңызы зор! Сот шешімін түсіндіру халқымыздың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған әрекет және жеңіліп қалған тарапқа психологиялық жәрдем көрсету десекте те болады. Себебі, барлық тараптар бойынша заңгерлер, адвокаттар қатыса бермейді. Қарапайым халық, заңды білмеген соң, өзінікін дұрыс деп сот шешімімен келіспей, кейбір жағдайларды мүлдем түсінбей, сотқа деген ренішпен кетіп жатады. Ал құқық қорғау орындары үшін халықтың сенімінің маңызы зор! Осындай келеңсіздік тудырмау үшін, сот қабылдаған шешімнің мәнін, мағынасын, салдарын, заңды күшін, орындау міндеттілігін, әр істің санаттылығына байланысты нақты түсіндіру қажет. Сот шешімі мазмұны жағынан оқылуға оңай, жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылуы керек. Жоғарғы сот тарапынан қабылданған осындай жүйенің арқасында бүгінде сотқа қайталап түсетін арыздардың көлемі азайып қана қоймай, халықтың туралығын айтатын, төрелігін айтатын сот орындарына деген құрметі де арта бастағаны байқалады.

Сондай-ақ Жоғары сот тарапынан берілген тағы бір тапсырма судьялар арыз иесінің әр уәжін нөмірлеп, сот шешімінде оларға жауап беру міндеттелген. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов мырза «Заң терминдері өте көп. Кәсіби терминдер де жетерлік. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Бірақ біз оны сот шешімдеріне пайдалануға міндеттіміз. Оны пайдаланған кезде қарапайым тілге аудару талап етілді. Бұл сот шешімінің мазмұнына енгізілетін өзгерістер», – деген болатын. Яғни сот шешімі қарабайыр тілмен жазылмауы керек, алайда көпшілікке түсніксіз де болмай, сот тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл турасында Жақып Асанов сот шешімінің нақты құрылымы да болуы керек екеніне тоқталып, «қарап отырсақ, шешімдердің көлемі үлкен. Оның ішінен керек дүниені табу көп жағдайда қиындық тудырады. Сондықтан біз әр шешімнің логикалық құрылымы болуға тиіс деген талап қойдық», – деген болатын. Яғни сот шешімдеріне қатысты техникалық талап та керек. 

Т.Т. Саликов, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...