Сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін нығайтудың маңызды шарты. Мемлекеттік тіл тек қатысым құралы емес, ол – мемлекеттіліктің негізгі діңгегі және заң үстемдігінің айқын көрінісі.
Сот саласында ана тіліміздің мәртебесін арттыру заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді. Азаматтардың өз шағымдары мен талаптарын, ана тілінде кедергісіз білдіруі – олардың конституциялық құқықтарының толық қорғалуына мүмкіндік береді. Сот ісін жүргізуде қазақ тілінің үлесі артқан сайын, сот жүйесінің ашықтығы мен халықтың сотқа деген сенімі де күшейе түседі.
Бүгінгі таңда сот жүйесін цифрландыру, құжат айналымын толықтай мемлекеттік тілге көшіру және сот процестерін мемлекеттік тілде сапалы жүргізу бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Тіл мәртебесін арттыруда сот судьялары мен мамандарының кәсіби біліктілігі, мемлекеттік тілдегі заң кәсіби терминологиясының дұрыс қалыптасуы үлкен рөл атқарады.
Қорыта айтқанда, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің тұғырын биіктету – уақыт талабы. Ана тілімізді сот төрелігінің негізгі тіліне айналдыру – еліміздегі құқықтық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттігімізді нығайта түсері сөзсіз.
Орал қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы Д.М.Дженисова


