12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот реформаларының пайдасы орасан

Реформа жасалып жатыр деген сөз үшін реформа жүргізуге болмайды.
Мұндай дақпырт үшін жасалған әрекеттің халыққа, қоғамға берері шамалы.
Шынайы реформа көпшіліктің талап-тілегіне, сұранысы мен қажеттілігіне
орай жасалып, қоғамнан өзіндік орнын табуы керек. Сонда ғана жаңа
бастамалар мемлекеттің ілгерілуіне ықпал етіп, қоғамды жақсы жаққа
өзгертеді.

Соңғы жылдары қолға алынған реформалардың оң нәтижесі аз болған
жоқ. Оның алғашқы бағыты сот жүйесін сапалы кадрлармен қамтуды көздеді.
Алдымен, судьялықтан үміткерлерге қойылатын талап жылдан-жылға
күшейтіліп, салаға тек лайықтылардың іріктелуіне негіз қаланды. Судьяларға
қатысты мұндай талаптың өуін сот жүйесінің мәртеесімен, судья қызметінің
жауаптыығымен байланыстырған жөн. Соның нәтижесінде бұрын іріктеуден
әрбір төртінші үміткер өтетін болса, қазір әрбір он бірінші үміткер ғана
сынақты бағындыра алады.
Екіншіден, сот жүктемесін төмендету, судьялық қызметтің маңызын
арттыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жүктеменің жоғарылығы,
айлықтың атқарылған жұмысқа сай болмауы бұған дейін судья болуға деген
ынтаны төмендетіп келгені рас. Осыған орай адам тағдырын шешетін
мамандық иелерінің еңбегін әділ бағалау, жүктемесін төмендету мақсатында
көптеген іс-әрекеттер қолға алынды. Жүктеменің жоғары болуының істерді
сапалы қарауға да айтарлықтай теріс әсері бар. Ал судьяның қызметі, соттың
жұмысы шешім, үкімнің әділдігіне, туралығына, дәлдігіне қарап өлшенеді.
Сондықтан жүктемені төмендетіп, судьялардың әр істі терең зерделеуіне жол
ашылды. Бұған татуластыру рәсімдерін кең қолдану бойынша атқарылған
жұмыстардың, жаңа технология жетістіктерінің әсері орасан.
Судьялардың біліктілігін көтеру, тәжірибесін шыңдау бағытында да
ілкімді жобалар жұмыс істеп тұр. Бүгінде әріптестердің өзара пікір
алмасуына, Сот төрелігі академиясында тәжірибе судьялардың тағылымды
дәрістерін тыңдап, біліктілігін көтеруіне мүмкіндік мол.
Сот билігінің беделін көтеріп, судьялардың тәуелсіздігін нығайту
реыормалардың тек бір қыры. Судьялардың жұмысын жандандырып,
әлеуметтік, материалдық мәселесі шешілген соң, олардан таза еңбек, жақсы
нәтиже талап етілуі тиіс. Міне осыған орай, бүгінде сот төрелігінің сапасы
жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Ол судьялардың кәсіби қызметіне баға
бермек.
Сот саласында қолға алынған өзгерістердің ішінде халықтың көңілінен
шыққаны – судьялардың шешімдер мен үкімдерді ұғынықты тілмен
түсіндіруі. Шын мәнінде, адамдарды соттың жүктемесі де, вакансия саны да,
төмен жалақы да қызықтырмайды. Жұртқа керегі соттардан шығатын
түпкілікті өнім – сот актісі ғана. Бұрын шешімдер құқықтық терминдермен
жазылып, шұбалаңқы, ұзын-сонар болғандықтан азаматтар онда не
жазылғанын түсіне бермейтін. Түсінбеген соң өзінің сот отырысында
жеңілгенін мойындамай, жоғары сатыларға арыз жазып жататын. Сондықтан
2019 жылы Жоғарғы Сот сот актілеріне қатысты нормативтік қаулыларды
қабылдады. Әркім өз сұрағына дәлелді жауап алуы үшін сот актілерінің
мазмұнына және құрылымына қойылатын нақты талаптар бекітілді.
Судьяларға кіріспе, сипаттау, уәждеме, қарар бөліктерін қалай жазу керектігі
түсіндірілді.
Судьялардың сот төрағаларына тәуелділігіне де тосқауыл қойылды.
Облыстық соттардағы төралқалар таратылды. Олардың құрамын бұрын
төрағалар өздері шешетін. Жеті судьядан тұратын төралқа судьяны жазалау
жайлы материалдарды Сот жюриіне жіберетін. Енді оны облыстық соттың
судьялары жасырын дауыс беру арқылы шешеді. Мұның бәрі судьялар
тәуелсіздігін нығайтып, әр қазыны өзі қараған істі дұрыс зерделеуге, шешім
шығарудағы жауаптылығын арттыруға ықпалын тигізді.
Толқын Далабаева,
Алматы қаласы
Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...