Сот процессінде медиация тәртібімен дауды ерекшелігі

Қазіргі қоғамда құқықтық дауларды шешудің балама тәсілдері қарқын алып келеді. Соның ішінде медиация ерекше орын алады. Медиация – тараптар арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге бағытталған процесс, ал оның негізгі нәтижесі – медиациялық келісім. Бұл құжат дауды тараптардың өзара келісімімен, соттың немесе басқа билік органдарының араласуынсыз шешуге мүмкіндік береді.

Медиациялық келісім – бұл тараптардың медиация процесі барысында бірлесіп қабылдаған шешімі. Бұл құжат дауласушы тараптардың мүдделерін ескеріп, оларды толығымен қанағаттандыру мақсатында жасалады. Медиациялық келісім міндетті түрде жазбаша нысанда рәсімделеді және оны барлық тараптар мен медиатор қол қояды.

Медиациялық келісімнің ерекшеліктері

1. Еркіндік пен өзара келісім. Келісім тараптардың өз еркімен қабылданады. Оған мәжбүрлеу болмайды.

2. Барлық тараптың мүддесін қорғау. Құжатта тараптардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін шарттар көрсетіледі.

3. Құқықтық күші. Медиациялық келісім заңды күші бар құжат болып табылады. Егер тараптар келісімді орындамаса, құжат сот арқылы мәжбүрлі түрде орындатылуы мүмкін.

Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда медиацияның да маңызы көтерілгені талассыз. Себебі, азаматтар сот әуресіне қанша уақыт кетерін білмейді. Өйткені, бір даулы іс сотта бір күнде шешіле қоймайды. Сот процесі апта, айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан уақыты мен қаржысына ұқыпты қараған тараптардың медиациялық келісімге келуден ұтары көп. Сот рәсімімен салыстырғанда медиация рәсіміне кететін уақыт қысқа, әрі мемлекеттік баж салығы төленбейді. Дауласушы тараптар адвокаттың қымбат ақылы қызметіне жүгінбейді. Ең бастысы татулық бұзылмайды, жүйке жұқармайды. Қоғамдағы алауыздықты азайтып, ел бірлігін, тұрғындардың татулығын нығайта түседі.

Медиацияның сот жүктемесін азайтып, судьялардың неғұрлым күрделі істерге көңіл бөлуіне мүмкіндік беретінін де айта кеткен жөн. Дауларды шешудің бұл әдісі қоғамдағы тұрақтылық пен түсіністікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Медиацияны таңдау арқылы әр азамат өз мәселесін әділ, жылдам және қолайлы түрде шеше алады.

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот Әкімшісінің басшысы

Турсынбетов Б.Т.

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...