spot_img
spot_img

Сот процесінде жариялылық принцпінің сақталуы

Соңғы жылдары сот жүйесі жұмысын, сот процестерін барынша ашық жариялы етуге тырысу байқалады. Соның айқын дәлелі қазіргі таңда сот саласы мамандарының, соттардың әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары жұмыс жасайды. Олар сол парақшалары арқылы саладағы соңғы өзгерістерді, халықты елең еткізген сот процестерін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Кейбір сот парақшалары халыққа тегін құқықтық кеңес беруді де әдетке айналдырған. Мұның бәрі саладағы ашықтық пен жариялылық принцптерін сақтауға серпін беріп отыр. Сондай-ақ атышулы сот процестерін онлайн өткізу арқылы халықтың құқықтық сауатын ашып қана қоймай, халық пен сот жүйесі арасын жақындату, халықтың сотқа сенімен арттыру мақсаты да орындалып отыр. Яғни Соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот­ қызметіне деген сенімін арттырып келеді.

Жалпы қазіргі таңда қоғамымыз ашықтық, жариялылық принцптерін қатаң сақтауға барынша тырысып отыр. Заманауи электронды технологиялар да қоғаамымызда барлық нәрсені, ашық, жария көрсетуге тырысуда.  Заманауи технологиялардың көмегімен әр азамат электронды түрде сотқа арызын ұсынып, ол арыздың қозғалысын кедергісіз бақылай алады. Яғни арыздың сот өндірісіне қабылдануы, істің тағайындалуы, ол бойынша шығарылған шешімдер жөнінде толық  мәлімет алып отыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін «Сот кабинетіне» кіруге мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығынан алынған электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген, өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап-арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Бұл жерде де бәрі ашық, жария.

Атап өтер жайт саладағы жаңа технологиялар да сот жүйесін жүйелеуге мүмкіндік бере отырып, барлық процестерді айқын және түсінікті етуге, құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға серпін беріп отыр. Сот саласына заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот жүйесіндегі сот өндірісінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығын толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отырғанын қазір анық байқап отырмыз. Сондықтан сот саласы халыққа барынша қолжетімді, жақын бола түсуде деп айта аламыз.

Киянбекова Асель Ерлановна, Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Сот жүйесінде қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен міндет

ҚР Президенті судьялардың съезінде «Әділетті және сатылмайтын сот –...

Съездердің соттар үшін маңызы зор

Қазақстанның сот жүйесі тарихында тоғызыншы рет өткізілетінн ҚР Судьялар...

Сот кабинеті туралы

            Сот кабинеті бұл электрондық ақпараттық сервис. Сот жүйесіне...

Атқарушылық жазба туралы

        Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы...

Дау мұраты бітім!

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол...