12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот приставының заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жазаға тартылады

Өкінішке орай, тәжірибемізде сот отырыстарына жеке басын куәландыратын құжатсыз келгендерді жиі кездестіріп жатамыз. Сотқа келіп  тұрғанына қарамастан, күзет қызметкеріне қоқан-лоққы көрсетіп, қарсылық танытып, жеке құжатсыз кірем деп,  қол жүктерін тексертпей қарсыласып жататындар бар. Олар өздерінің осы әрекеттерімен құқықбұзушылыққа барып тұрғанынан көпшілігі хабарсыз болып шығады. 

Ал енді осы сот отырыстарына қатысуға келгендерге қойылатын талаптар туралы айтып өтсем. Сот процестеріне қатысуға келген әрбір адам жеке басын анықтайтын құжатпен келуі шарт. Яғни, жеке құжатын бекеттегі мамандандырылған күзет қызметкеріне көрсетіп, журналға тіркелуі керек. Сотқа кіру кезінде тыйым салынған заттарды тексеру үшін жабдықталған арнайы стационар металлдетекторлармен жүргізілетін бақылаудан өтуге, күзет қызметкерінің және сот приставының талабы бойынша өзімен бірге әкелген заттарын олардың көзбе-көз қарауына мүмкіндік беруге, қол заттарын сақтау жәшіктеріне заттар мен құралдарды қалдыруға, сот кеңсесіне кіру үшін кезектілікті сақтауға, сот отырысы басталғанға дейін сот отырысына шақыру қағазын (хабарламаны) көрсете отырып, соттың кеңсе қызметкеріне сот процесіне қатысушы ретінде келгенін хабарлауға тиіс. 

Мұндай заңды талаптарды орындамау  ҚР ӘҚБК нің 670-бабының 3 тармағында көрсетілген  Сот приставының заңды талаптарын орындамау  50 (елу) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, сот процесстеріне келуші тұлғалар сот отырысын сотқа төрағалық етушінің рұқсатынсыз аудио, бейнежазбаға түсіремін деп қарсыласып, сот процесстерін жазып алмақ болып заңды талаптарға бағынғысы келмей шу шығарып жататындары тағы бар. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  119, 120-баптарында, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 345, 346-баптарында көрсетілгендей сотқа төрағалық етушінің рұқсатымен ғана түсіре алады. Жанжал  шығарып, дау туғызып,  рұқсатсыз түсірмек болған фактілер анықталған жағдайда  ҚР ӘҚБК-нің 653-бабымен сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Көпшілікке кеңірек түсінікті болуы үшін аталған бапқа назар аударсақ.  653-бап. Сотты құрметтемеушілік

 1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады, — деп жазылған.

Қазіргі таңда сот процесстерінің ашық өтетіні, «Тайға таңба басқандай» аудио-бейне жазбаға жазылатыны және жазылған нұсқаның тараптар дискі көшірмесін  алуға, танысуға құқығы бар екенін біле тұра, осындай  әрекетке баратындары бар. Сондықтан судья мен  сот приставтарының заңды талаптарына бағынбаудың арты әкімшілік жауапкершілік пен жазаға тартылатындығын ұмытпағанымыз абзал.

Маңғыстау облыстық сотының ішкі қауіпсіздік

бөлімінің басшысы А.Қ.Дилманов

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...