Сот пен БАҚ байланысы жоғары

Сот саласы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Бұл Мемлекет басшысы атап өткендей сот ашықтығы мен сотқа деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті шарт.

Мұның басты белгісі – республикадағы барлық сот процестері ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттік құпия туралы істер қаралатын процестер жабық есік жағдайында өтеді. Сонымен бірге, сот отырысына БАҚ өкілдерін қатыстыру үшін тараптардың пікірі сұралатынын да ескергеніміз жөн. Егер тараптар сот процесінің көпшілікке тарағанын қаламаса, журналистердің сот процесіне қатысуын құптамаса, сотқа төрағалық етуші процесті тек тараптардың қатысуымен өткізеді.

Ал тараптар келісім берген процестерге тілшілер еркін қатысып, сот отырысын толық жазып, көпшілікке ұсына алады. Журналистердің халыққа ұсынған ақпараты шындыққа сай, мәліметке бай, жалған дереткерден ада болуы үшін сот саласының қызметкерлері қолда бар ақпаратпен бөлісіп, заңға түсініктеме беруге әрқашан дайын.

Бұған қоса, бүгінде барлық соттардың әлеуметтік желілерде өз парақшалары бар. Онда сотта қаралып жатқан шулы істер бойынша нақты мәліметтер беріледі. Сонымен бірге, сотта өтіп жатқан шаралар, семинар-тренинг, сот төрағасының қабылдаулары туралы хабарландырулар дер кезінде жарияланып тұрады.

Судьялар мен сот мамандарының әлеуметтік желілер де аса белсенді жұмыс істейтінін айта кетуіміз. Өз жазбаларында судьялар жаңа заңдардағы артықшылықтарға тоқталып, өзгерістер мен толықтырулар туралы кең көлемді мағлұмат беруді дәстүрге айналдырған.

Соттарда арнайы Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жолға қойып отыратын үйлестіруші судьялар белгіленген. Үйлестіруше судьялыққа сот саласында тәжірибесі мол, тіл байлығы мол, сала жұмысын тыңғылықты түсіндіріп беретін мамандардың іріктелетіні белгілі. Олар да сот пен БАҚ-тың байланысын нығайтуға зор ықпал етіп келеді.

Д.Акетаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...