Сот отырысының хатшысы сот жүйесінің маңызды буыны болып табылады, оның жауапкершілігіне сот талқылауын тиісінше ұйымдастыру және сот процесінің барысын тіркеп, хаттама жүргізу болып табылады.
Соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан белсенді цифрландыру жұмысы отандық сот жүйесін түбегейлі өзгертті.
Жұмыстың заманауи форматтары және озат IT-өнімдердін енгізу сот отырысы хатшыларының жұмысын оңтайландырып, біршама жеңілдедетті деп айтуға болады.
Егер бұрын сот отырсы хатшысының жұмыс уақытының көп бөлігі сот талқылауы хаттамасын қолмен немесе машинамен жазу тәсілімен дайындауға жұмсалған болса, енді хатшы сот отырысының барысын дыбыс, бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркейді. Бұл іс жүзінде процеске қатысушылардың сот талқылауы хаттамасының дұрыстығы мен толықтығына ескертулер беруін жоққа шығарды.
Сот актілерін орындау бойынша атқару парақтар атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған “Төрелік” сот органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылып, электронды түрде орындауға жолданады.
Тағы бір жаналық- қашықтықтан немесе виртуалды деп аталатын процестер , онда адам сот ғимаратынан тыс жерде (үйде, жұмыста, елден тыс жерде және т.б) сот отырысына қатыса алады. Сот отырысының хатшысы “виртуалды” сот процестерін ұйымдастыруда басты рөл атқарады.
Хатшы процеске қатысушыны сот отырысы залына сапалы әрі үздіксіз қосуды қамтамасыз етуге, оған Skype, Zoom, NrueConf және т.б. бейнеконференцбайланыс жүргізудің түрлі бағдарламалары мен қосымшаларын қалай дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулық жүргізу қажет.
Соттардың жұмысына жұмыстың қазіргі заманғы форматтарын енгізу сот отырысының хатшыларынан үнемі өз бетінше білім алуды, біліктілік деңгейін, оның ішінде компьютерлік сауаттылық мәселерінде де арттыруды талап етеді. Хатшылардың біліктілігін арттыру бағытында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы біршама ауқымды жұмыс жасайды, жыл сайын Академия басшылығымен отырысының хатшылары үшін біліктілікті арттыру бойынша оқу куртстары ұйымдастырылып, өткізіледі.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында мен Академиямен ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарының тындаушысы болдым. Алайда, сот жүйесінде жұмыс істеген уақыт ішінде алғаш рет мен қашықтықтан оқытудан өттім және таң қалдым. Бір апта ішінде біз республиканың түрлі өңірлерінен «онлайн» тәртібінде қосылған сот отырысының хатшылары , өзіміздің жұмысымызға пайдадалы ақпарат алып, алдағы уақытта практика жүзінде қолданатын теориялық білім алдық.
ZOOM қосымшасы арқылы Академия оқытушылары қолжетімді нысанда, соның ішінде слайдтар мен презентациялар көрсету арқылы бізді қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңалықтармен, ҚР ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдердің ережелерімен таныстырды, жұмыстың заманауи форматтары туралы, “электрондық істерді” қарау тәртібі туралы, отандық сот жүйесін одан әрі цифрландырудың перспективалар мен негізгі бағыттары туралы, соттардың жұмысына озық халықаралық тәжірибені енгізу, оның ішінде сот процестерін ұйымдастыру және жүргізу.
Оқытудың ерекше форматы, пікірталастар өткізу тек оқу материалының сіңімділігін арттырды, біз екі апта оқудың қалай өткенін байқамадық. Курстар аяқталғаннан кейін де, біз еліміздің әртүрлі аймақтарындағы әріптестерімізбен қарым-қатынасты жалғастырамыз, жалпы сөйлесу барысында жұмысымызға көмектесетін тәжірибе мен пайдалы ақпарат алмасамыз.
Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясының басшылығы мен профессорлық- оқытушылық құрамына осындай пайдалы және танымдық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып,өткізгені үшін алғысымды білдіргім келеді.
Қорытындылай келе, электрондық сот төрелігін дамыту, отандық соттардың жұмысына заманауи форматтарды енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді, бүгінгі таңда біздің елімізде сот жүйесінің жоғары деңгейде жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, олар озық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Айслу Миржанова
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы-сот отырысынң хатшысы