Сот отандық өндірушінің құқықтарын қорғады

Талап қоюшы КММ мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жеткізілген тауарды ауыстыруды талап ете отырып өнім беруші ЖШС-не қатысты талаппен сотқа жүгінді.

Талап қою прокуратураның тексеруі бойынша анықталған тауардың техникалық шарттарға сәйкес келмеуне негізделген.

Сотта анықталғандай, келісім аясында КММ жауапкер тіккен киім-кешекті сатып алып, акт бойынша қабылдаған.

Белгіленген мерзімде сатып алушы тауардан бас тартпаған және төленген соманы қайтаруды талап етпеген.

АК-ның 426-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.

Шарттың 6.3-тармағында кепілдік мерзім тапсырыс берушінің қоймасына тауар түскен күннен бастап 12 ай деп көзделген.

Бүгінгі күні кепілдік уақыты мен келісім-шарт мерзімі аяқталған. Сондықтан тараптардың міндеттемелері тоқтатылды деп есептеледі.

Тапсырыс берушінің тауардың техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру сатысындағы әрекетсіздігі өнім берушіні қосымша азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту үшін негіз бола алмайды.

Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

СУДЬЯ ӘДЕБІ — СОТ БИЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

Сот билігі - құқық үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің...

Судьяның кәсіби бейнесін қалыптастырудағы моральдық талаптар

Қазіргі қоғамда сот билігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...