Сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымды қарау

Атқарушылық іс жүргізу сатысы сот шешімдерінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда тәжірибеде сот орындаушыларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда заңнама шағымдану тетігін қарастырады. Осы орайда шағым беру құқығын қарастыра кетсек:

Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптар сот орындаушысының:
• заңға қайшы әрекеттеріне;
• өз міндеттерін орындамауына (әрекетсіздігіне);
• қабылдаған қаулыларына

шағымдануға құқылы. Шағым сотқа немесе уәкілетті органға белгіленген мерзімде беріледі. Ал бұл жағдайларда шағымды қарау тәртібі мына ретпен жүзеге асады. Сот орындаушысының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне берілген шағым сотта процестік тәртіппен қаралады. Шағымды қарау барысында:
• сот орындаушысының қабылдаған шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығы;
• атқарушылық іс жүргізу талаптарының сақталуы;
• тараптардың құқықтарының бұзылу-бұзылмауы тексеріледі.

Сот шағымды қарау кезінде атқарушылық іс материалдарын зерттеп, тараптардың түсініктемелерін тыңдайды. Шағымды қарау нәтижесінде сот:
• сот орындаушысының әрекетін заңды деп тануы;
• әрекетін немесе қаулысын заңсыз деп тануы;
• анықталған заңбұзушылықтарды жоюды міндеттеуі мүмкін.

Бұл шешімдер атқарушылық іс жүргізудің тиімділігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Шағым институтының маңызы ерекше. Өйткені сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі. Бұл тетік:
• сот шешімдерінің уақтылы орындалуына;
• атқарушылық тәртіптің сақталуына;
• мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына ықпал етеді.

Сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымды қарау – заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Әрбір азамат өз құқығының қорғалуына және сот актілерінің толық орындалуына мүдделі болуы тиіс. Сонда ғана заң үстемдігі орнайды.

Д.Жолболдиева, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...