Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу: Құқықтық негіздер мен халықаралық стандарттар

Жаһандану дәуірінде азаматтардың халықаралық деңгейдегі құқықтық қатынастарының артуына байланысты Қазақстан Республикасының соттары берген ресми құжаттарды (шешімдерді, үкімдерді, анықтамаларды) шетелде тану мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Осы орайда, құжаттардың халықаралық заңдылығын растаудың негізгі тетігі ретінде апостиль қою рәсімі қолданылады.

Апостиль — бұл 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына мүше елдердің аумағында пайдалануға арналған, құжатқа қол қойған тұлғаның қолының төлнұсқалығын, оның өкілеттігін және құжатты бекіткен мөрдің түпнұсқалығын куәландыратын халықаралық үлгідегі арнайы штамп. Осы рәсім құжаттарды консулдық заңдастырудың күрделі талаптарын жояды. Айта кетерлігі, апостиль тек қол мен мөрдің заңдылығын растайды, бірақ құжаттың мазмұнын куәландырмайды,

Сот органдарына қатысты мемлекеттік қызмет аясында соттардан шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларына немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелеріне апостиль қойылады. Алайда, Конвенция талаптарына сәйкес, келесі құжаттарға апостиль қойылмайды:

Шетелдегі елшіліктер немесе консулдық мекемелер берген құжаттар;

Коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысы бар әкімшілік құжаттар.

Бұл мемлекеттік қызмет экстерриториалдық қағидат бойынша көрсетіледі, яғни азамат құжаттың қай өңірде берілгеніне қарамастан, кез келген жерден жүгіне алады. Қазіргі таңда қызмет алудың екі жолы бар:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы: мерзімі — 2 жұмыс күні (қабылдау күні есепке алынмайды).

«Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы: Электрондық форматта нәтиже алу мерзімі — 1 жұмыс күні.

Электрондық апостиль («Е-Апостиль») жүйесінің артықшылықтары

«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі құжаттарды орталықтандырылған есепке алуды және бірыңғай архивті қамтамасыз етеді. Электрондық апостиль Portable Document Format (PDF) файлы түрінде қалыптастырылып, уәкілетті тұлғаның ЭЦП-сымен куәландырылады. Оның басты артықшылығы — қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы және заңдылығын жедел тексеру мүмкіндігі.

Электрондық апостильдің түпнұсқалығын тексеру үшін egov.kz порталындағы арнайы бетке өтіп, 12 таңбалы қорғау кодын және өтінім нөмірін енгізу қажет. Сондай-ақ, электрондық апостиль нысанында жылдам тексеруге арналған QR-код орналастырылады. Құжаттарды тапсыру кезінде лауазымды тұлғалардың қолы мен мөрлерінің анық болуы — басты техникалық талап. Егер құжат бірнеше парақтан тұрса, ол міндетті түрде прошивка жасалып, «жұлдызшамен» бекітілуі тиіс.

Салық кодексіне сәйкес, Қазақстанда жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін әрбір құжатқа 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады, Төлем портал арқылы немесе банк мекемелерінде жүзеге асырылады.

Қорыта айтқанда, сот құжаттарына апостиль қою — құқықтық интеграцияның ажырамас бөлігі. Электрондық технологияларды енгізу бұл процесті ашық, жылдам және халықаралық талаптарға сай етуге мүмкіндік береді.

Бекболатова Балжан Серикбаевна, Алматы гарнизонының әскери сот әкімшісінің бас маманы

Наука и запросы практики

Обсуждение вопросов укрепления научного потенциала и развития проектной деятельности...

Еріктілер кеңесі мүшелері сенбілікке қатысты

2026 жылғы 28 наурыз күні Медеу ауданының аумағында санитарлық-тазалық...

Векторы развития – инвестиции и финансы 

Под председательством Президента РК Касым-Жомарта Токаева утверждена Стратегия развития...

Символы гордости и единства

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СИМВОЛЫ ЗНАЧИМЫ ТЕМ, ЧТО ОНИ, МОЖНО СКАЗАТЬ, ЯВЛЯЮТСЯ...

Социальная работа и общественная безопасность

КОГДА ЧЕЛОВЕК ВЫХОДИТ ИЗ ТЮРЬМЫ, ФОРМАЛЬНО ДЛЯ ГОСУДАРСТВА ИСТОРИЯ...