12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот корпусын сапалы кадрлармен толықтыру өзекті

«Кадр бәрін шешеді» деген қанатты сөз қай кезде де өзектілігін жоймай келеді. Шынында да кез келген саланың алға басуы, абыройлы болуы ондағы кадрлардың білімі мен білігіне, сауаттылығы мен тазалығына тікелей байланысты. Әсіресе халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, мемлекеттің басты реформаларын жүзеге асырып отырған құрылымдардағы кадрларды таңдауға ерекше ден қойылады. Сондай жауапты міндет жүктелген саланың бірі – сот саласы.

Сот – ар мен заңды басшылыққа ала отырып әділдік пен заңдылықты айқындайтын алаң. Мемлекеттегі қауіпсіздік пен заң үстемдігінің кепілі болғандықтан отандық соттың дамуына, жаңғыруына үнемі көңіл бөлініп, судьялықтан үміткерлерге қойылатын талап жыл өткен сайын күшейтіліп келеді. 

Жалпы заңгерлік дипломның болуы, бірнеше жыл заң, құқық саласында тәжірибенің қалыптасуы судьялық қызмет етуге жеткіліксіз екенін өмір көрсетті. Себебі судьялық қызмет тек заңды оқу, дұрыс қолданумен бірге, осы лауазымға лайық әрекет жасаумен де ерекше. Судья болуға бел буған адам өзінің 27/7 уақыт халық назарында болатынын, өзінің жеке басының ғана емес, отбасы, жақындарының да ел талқысында жүретінін есінен шығармауы тиіс. 

Азаматтар судьяның сот отырысындағы өзін-өзі ұстауына қалай жіті көңіл бөлсе, процестен кейінгі мінез-құлқы, қадамы, бет-бейнесіне де жоғары талап қояды. Қоғам үшін судья – өздері пір тұтатын бұрынғы Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің жалғасы. Соған сәйкес судьялар да халықтың санасында мейлінше әділ, батыл, мәдениетті, өнегелі тұлға болып орныққан. 

Бүгінгі сот корпусына іріктелетін судьялар осы межеден табылып, өзінің кәсіби шеберлігімен ғана емес, кісілік келбетімен, парасат-пайымымен, мінезінің көркемдігімен, көңіл-күйдің жетегінде кетпейтін ұстамдылығымен, шыдамдылығымен көпшілікке үлгі-өнеге көрсеткені жөн. Салаға осында бар жағынан мықты мамандар жиналғанда ғана сот жұмысы жұмыс, беделі биік, судьяларға деген жоғары болмақ.

М.Амиров,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының төрағасы

Сот процесіндегі тәртіп ортақ

Сот – ақ пен қара анықталатын, екі тараптың дауына...

Министр торговли посетил стабилизационный фонд ВКО

Более 420 сельхозярмарок на сумму 1,4 млрд тенге проведено...

Сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы  Сот әкімшілігі басшысының  2024 жылғы «8» сәуір №...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі — мемлекеттік тіл....

“Мамандықтар еліне саяхат” – баланың болашағына бағыт

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты КМҚК №76 бөбекжай балабақшасында...