Сот көп балалы ананың тұрғын үйге кезегін қалпына келтірді

36 жастағы 4 баланың анасы 2015 жылдан бері «көп балалы отбасы» санатындағы баспана кезегінде тұрған.

2023 жылдың желтоқсан айында күйеуінің үйге меншік құқығын тіркегені анықталуына байланысты ол тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылған.

Әйел тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының бұл әрекеттеріне байланысты сотқа шағымданған.

Сотта ол бұл жер телімінің күйеуіне уақытша пайдалануға берілгенін түсіндірді.

Үй салуға қаражаты жоқ отбасы оны сенімхат арқылы сатып жіберген.

Сатып алушы оған 2019 жылы тұрғын үй салған, кейін ол оны заңмен ресімдеген.

Сот талап қоюшының күйеуінің жеке меншік құқығында тіркелген тұрғын үй ғимараты болғанымен, ол тек үй салынған учаскенің иесі болып табылмайтынын анықтады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұрғын үй алуға мұқтаж және оны алғанға дейін есепте тұрған көп балалы аналар мен отбасылар есептен шығаруға жатпайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қою қанағаттандырылды: сот тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясына тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы ананың кезегін қалпына келтіруге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне еніп, қазіргі уақытта жауапкер орындауда.

Атырау облысы МАӘС

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...