Сот кабинеті

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот жүйесінің жұмысының сапалы жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы мақсаттарды орындауы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  Сот кабинеті электрондық сервисі іске қосылды.

Сот кабинеті — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Сот кабинеті электрондық сервисіның басты ерекшелігі — барлық сот инстанцияларына арыздар мен өтініштерді электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді, азаматтардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сот кабинет» арқылы мемлекеттік бажға онлайн-төлем жүргізіледі, істің өту кезеңдері қадағаланады, оның көмегімен сот құжаттары мен хабарламаларды жедел алуға болады.

Бұл сервис азаматтардың, ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдауына,                                арыз-шағымдарын қашықтықтан  беруіне  және  сот процесіне қатысушылардың  іс  жүргізу кезінде қабылданған  сот  актілерімен және басқа да қажетті  ақпараттармен  танысуға  мүмкіндік береді.

Электрондық сот төрелігі құқықтық мәдениетті тәрбиелеуде, азаматтық қоғам құруда, сот билігінің беделін нығайтуда, судья жұмысының сапасын жақсартуда жаңа кезең және сенімді қадам бола отырып, объективті ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Д.Т. Шубай

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...