12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы көрсетілетін  электрондық  қызметтер

«Сот кабинеті» — бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын толықтай қол жеткізуге мақсатталып жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған біріңғай терезе.

«Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.

Жеке және заңды тұлғалар өздеріне қолайлы, кез-келген уақытта үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде интернет арқылы «Сот кабинеті» сервисіне электронды түрде талап арызын, шағым және сұраныс беріп, оның орындалу барысын қадағалап отыруға мүмкіндік алады.

«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің  және парольдің  көмегімен  жүзеге  асырылады.

           Электрондық  құжаттарды  беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен  өткеннен кейін  талап-арызбен, сот отырысының  хаттамасын  ұсыну туралы  арызбен, сот отырысының  хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер сотқа электронды құжаттар беру тәртібін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы сот органдарынның ақпараттық жүйесіне оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібін реттейді. Берілетін құжаттарға «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулықта көрсетілген белгілі бір талаптар қойылады.
Сотқа берілетін құжаттар мәтіндік пішінде жүгіндірілетінін және әрбір құжат электрондық құжаттарды беру жүйесіне жеке файл түрінде жүгіндірілуге тиіс екенін ескеру қажет. Сонымен қатар файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес болуға тиіс.

Қазіргі кезде жергілікті Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарында  халыққа қолжетімді болу мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық  жүйесін қолдану үшін  арнайы орындар ашылып, сотқа электронды өтініштер мен талап-арыздарды Халыққа қызмет көрсету орталығы  арқылы  жолдауға  болады.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

сотынының бас маманы

                                                                Л.Шаймова

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...