Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Тәжікстан Республикасының азаматы Р. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.
Сот анықтағандай, тәжікстан азаматы Р. 2025 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына келген, алайда белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін ел аумағынан шықпаған және көші-қон қызметі органдарына уақытылы жүгінбеген.
Сот отырысында Р. өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықты Қазақстан заңнамасын білмеу салдарынан жасағанын түсіндірді. Қазақстанда туыстары жоқ екенін, отбасы Тәжікстанда тұратынын айтып, өз еркімен отанына қайтқысы келетінін білдірді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, көші-қон заңнамасын бұзу, яғни белгіленген мерзім өткеннен кейін елден шығудан жалтару шетел азаматының әкімшілік жауаптылығына әкеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген «Иммигранттардың Қазақстан Республикасына кіруі мен болуы, сондай-ақ шығуы қағидаларына» сәйкес, визасыз режиммен келетін иммигранттар үшін Қазақстанда болудың рұқсат етілген мерзімі — мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күн, бірақ әрбір 180 күндік кезеңде жиынтығы 90 күннен аспауға тиіс.
Сондай-ақ, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, ел аумағында болу ережелерін бұзған шетелдіктер Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Істің мән-жайларын, кінәні мойындауын және құқық бұзушының өз еркімен елден шығаруды сұраған өтінішін ескере отырып, сот Раджабов С.-ны Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару түріндегі жаза қолдануды орынды деп санады.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 822 және 829-14-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Р. кінәлі деп танып, ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару түріндегі әкімшілік жаза қолданды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Өскемен қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі


