12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысы

Мінекей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздікті айқындайтын басты белгілерінің бірі. Дегенімен, қазақ тілін қолдану елімізде әлі де өз керекті жоғары деңгейінде деуге деп айту қиын.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды мәселе болғандықтан ол патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі, әсіресе сот саласында ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қатаң бақылауға алынып отыр.

           Осы орайда, ең бірінші кезекте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жандандыру, тіл саясатын іске асыру, тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында қолданысын дамыту мәселесін мемлекеттік мекемелер бақылауға алулары қажет деп есептеймін. Яғни, мемлекеттік мекемелердің өзара құжат айналымы тек мемлекеттік тілінде болу қажет, қазақ тілін дамыту саясатын қолдап және осы қағиданы ұстанулары абзал.

Алайда, кейбір жағдайда мемлекеттік мекеме бола тұра, хат алмасу барысында ресми тілінде хат жолданатыны кездесіп тұрады. Әсіресе бұл жағдай ішкі істер органдары тарапынан жиі орын алады, яғни әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық істер бойынша материалдарды сотқа көп жағдайда ресми тілінде өткізеді. Сонымен қатар, сот орындаушылар да сотқа материалдарды жолдау барысында, сондай-ақ адвокаттар да талап арыздар мен арыздарды сотқа өткізгенде осындай кемшіліктерге жол берілетінін атап өту қажет, ал бұл жағдай өз кезегінде сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысын көтеруге кері әсерін тигізетіні айдан анық.

           Мінекей, сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысын, тұғыры мен мәртебесін көтеруге жоғарыда атап өткен факторлар кедергі жасап, қиындық туғызады. Осы аталған кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу үшін, сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысын көбейту, көтеру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен жиі «Дөңгелек үстел», семинарлар өткізіліп тұрады. Алайда, өкінішке орай, қазіргі таңда мұндай іс-шаралар өз нәтижесін бермеуде десек болады.

Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылдың 9 айында азаматтық істер бойынша 3846 талап арыздар мен арыз түскен, оның небәрі 2001-і, яғни 52,1%-ы ғана қазақ тілінде, қылмыстық істер бойынша түскен 35 істің 24-і, яғни 69%-ы қазақ тілінде, әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша барлығы 37 істің 16 ісі, яғни 43,3%-ы ғана қазақ тілінде.

Сондай-ақ, құжат айналымына тоқталып өтсек — кіріс құжатының мемлекеттік тіліндегі үлесі бар болғаны 55%-ын құраған, демек кіріс құжаттың 45%-ы ресми тілінде деген сөз, бұл көрсеткіш әрине өте аз.

Жалпы, тараптың 1-уі қазақ ұлтты, ал 2-сі басқа ұлт болған жағдайда материалды автоматты түрде орыс тілінде сотқа өткізу дұрыс емес. Тараптар қандай ұлт болса да материал тек қазақ тілінде рәсімделу қажет. Егер сотта тараптардың қазақ тілін білмейтіні аныықталса, істі орыс тіліне ауыстырмай, мұндай жағдайда тек аудармашының көмегіне жүгіну қажет. Өйткені, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі және Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады. Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмайды. Мемлекеттік тілдің пайдаланысын азайтуға мүмкіншілік берілмеу қажет. Тіпті ақын, жазушы Р.Ғамзатовтың өзі – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген. Қандай керемет айтылған дана сөз.

Заңнамалардың талаптарына сәйкес, яғни сот ісін жүргізу туралы — Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік Кодексінің 30-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 738-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 14-бабына сәйкес сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi деп айқын көрсетілген. Ал қажет болған кезде ғана басқа тiлдер де қолданылады. Яғни, бұд жерде бір ғана ақиқат бар. Жоғарыда аталған заңдарда 1-ші пунктімен көзделгендей — iстер бойынша iс жүргiзу қазақ тiлде жүргiзiлу қажет.

Мінекей, көрсетілген заңнамалардың тілге қатысты талаптарын ұстанған жағдайда сот ісін жүргізу барысында қазақ тілінің қолданысын көтеруге болатыны анық және де алдағы уақытта солай болатынына сенемін.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Б.Мәуленов

Қақпа алдындағы кездесу

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2024 жылы 14 қараша ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне...

Пробация есебіндегі жастар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтар...