Хатшы дегеніміз кім?! Тарихтың терең қойнауына көз жүгіртсек хатшылар ерте замманнан-ақ ғалым-ғұламалар, ел билеуші хан-сұлтандар, би-болыстардың қасында жүріп, олардың бұйрықтар мен жарлықтарын,хаттарын қағаз бетіне түсіріп отырған, сол арқылы небір оқиғалардың ұрпақтан-ұрпаққа жетіп сақталуына үлес қосқан. Хатшылық жұмыс заңдарды жақсы білетін, хат танитын сауатты, білімді адамдарға сеніп тапсырылған.
Сот отырысының хатшылары да егемен еліміздің сот билігін, сот төрелігін жүзеге асырушы — судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді атқарады.
Сот отырысының хатшысы Қылмыстық-процестік кодексінің 83-бабына, Азаматтық процестік кодексінің 56-2 бабына сәйкес, қылмыстық және азаматтық істер бойынша мүдделі құқығы жоқ мемлекеттік қызметкер, яғни сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай-ақ сот отырысын аудио-, бейнетіркеуді жүргізетін мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.
Сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде істерді судьялардың талқылауына дайындау кезінде қажетті жұмыстарды атқару (хаттар, сұраныстар дайындау, сотқа шақырту қағаздарын жазу, аудио-,бейнежазба құрылғысын пайдалану және т.б.), іске қатысушылар мен куәларды шақыру, жолданған құжаттардың адресаттарға толық табыс етілуін бақылау,істердің қаралу кестесін құру, сот отырысына қатысу және сот отырысының хаттамасын жүргізу, оның толықтығы мен дұрыстығына және заңда көрсетілген мерзімде дайындалуына жауапты болу, сот істерін қарауға дейін рәсімдеу, сот істерін олар қаралғаннан кейін рәсімдеу,сот отырысының аудио-,бейнежазба құрылғылары арқылы өткізілуін қамтамасыз ету,сотқа қатысушыларға сот актілерінің көшірмелерін (шешім, үкім, ұйғарым, қаулы және т.б.) заңға сай мерзімде жолдау немесе қолма-қол табыс ету, сұратылған іске қажетті құжаттарды, істерді немесе материалдарды уақытылы кері қайтару,күн сайын сот кеңсесіне істердің қаралған нәтижелері бойынша мәліметтерді тапсыру, сот актілерін орындауға уақытылы жолдау, құжаттарды мұрағаттау және оларды сот мұрағатына тапсыру-осының барлығы сот отырысы хатшысының функциональдық міндеттері. Сондай-ақ сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында іске қосылған электрондық тнхнологиялардың нәтижелерін, атап айтқанда «Төрелік» ақпараттық жүйесін, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін, аудио-бейнетіркеу жүйесін және бсқа да цифрландыру тетіктерін еркін меңгеріп, оны сотқа жүгінушілерге түсіндіру де сот хатшыларына жүктеледі.
Сот отырысы хатшыларының жұмысы бір уақытта бірнеше істі атқаруға тура келетін тынымсыз еңбек режиміне қарамастан өз ісіне тиянақтылықты, ұқыптылықты, мұқияттылық пен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, сотқа түскен әрбір арыз, талап қоюлар мен істер – бұл адамдар тағдыры, азаматтардың даулы мәселелері немесе құзырлы органдардың құқықтық тәртіп пен заң бұзушылықтар бойынша қарауға жолдаған қылмыстық, әкімшілік іс құжаттары. Сондықтан да, сот отырысының хатшысы өзінің қызметіне деген адал көзқарасымен өз елінің патриоты ретінде әрдайым жоғары талап биігіне сай жұмыс істеуі, өзінің барлық ынта-жігері мен тәжірибесін өзінің қызметтік міндеттерін бұлжытпай атқаруға жұмсауы шарт.
Соттың имиджі, судьяның өнімді жұмыс жасауы сот отырысы хатшысының өз қызметін дұрыс ұйымдастыруына, оның біліктілігі мен жауапкершілігіне байланысты. Сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларына байланысты әділдік іздеп, дау-жанжалдарына төрелік табу үшін соңғы үміттерін үкілеп сотқа келетіндердің кейбірінің жат мінез-құлық көрсететіндері де жасырын емес, осы жағдайларда сот отырысы хатшысы тарапынан парасаттылық,сабырлылық, төзімділік, қапарайымдылық пен әдептілік секілді адами қасиеттердің табылғаны абзал.
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы- сот отырысының хатшысы А.У.Есниязова