Сот Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті мақұлдады

Сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қапшағай қалалық сотына сілтеме жасап. 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев 2016 жылдың маусым айында әйеліне пышақ жарақатын салып, өміріне қол сұққаны үшін сотталған еді. Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты сол жылдың 3 қарашасында Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Жазасының үштен екі бөлігін өтегеннен кейін Есентаев сотқа мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш берді. 

Сот кезінде прокурор Есентаевтың өтінішін мақұлдауды сұрады. Сол сияқты сотталған Есентаев пен оның адвокаты арызды қанағанттандыруды өтінді. Зардап шеккен Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевтың ерте босап шығуына қарсылық білдірген жоқ.

Сондай-ақ, сот хабарламасында Есентаевтың жасаған ісіне өкінетіні айтылған. Соттың шешімімен, Есентаев 756  269 теңге көлеміндегі процессуалды шығындарды өз еркімен өтеген.

“Қапшағай қалалық сотының 2022 жылдың 12 шілдесіндегі шешімімен, Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату тұралы өтініш мақұлданды”, – деп хабарланды соттан.

Үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...