12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот бұйрығын шығару азаматтарға тиімді

Сот саласы жаңа реформалардан кенде емес. Мұндағы басты мақсат – сотқа деген халықтың сенімін арттыру. Ал сенімді арттыру үшін соттың жұмысы барынша ашық, әділ, қолжетімді, сапалы болуы керек. Бүгінгі жаңашылдықтың барлығы халықтың ризашылығына, азаматтардың ұсыныс-тілек, лебізіне қарап бағаланатыны сондықтан.

Әсіресе соңғы жылдары халықтың әуре-сарсаңын азайтып, уақытын тиімді пайдалануға түрткі болатын өзгерістер жиі қолға алынуда. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 1-кіші бөлімінің, 12-тарауында қарастырылған бұйрық арқылы іс жүргізудің игілігі аз емес.

Сот бұйрығы қалай шығарылады? Оның ерекшелігі не? Мұны азаматтардың барлығы бірдей біле бермейді. Ең алдымен бұйрық арқылы іс жүргізу жеңілдетілген сот өндірісіне жататынын ұмытпауымыз керек. Себебі, бұл азаматтардың өз құқықтарын қорғаудың қарапайым түрі, қаражаты мен уақытын үнемдеудің сенімді тетігі. Сот бұйрығы жауапкер және талап қоюшыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша жауапкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы талап қоюшының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған келісімдерді орындау туралы талап қоюшының арызы бойынша электрондық нысанда шығарылатын сот актісі болып табылады. Сот бұйрығы сондай-ақ сот актісі болып табылады. Осы құжаттың көмегімен талап қоюшыға оның нақты құқықтары түсіндіріледі және оларды сот тәртібімен растайды. Ал борышкер сот бұйрығын өзі орындамаған міндеттемеге қатысты биліктің ескертуі деп қабылдауы керек.

Сот бұйрығын қабылдауда ғана емес, сот бұйрығын дайындауда да өзгешелік бар. Өйткені сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа. Онда сипаттау және дәлелдеу бөлігі жазылмайды. Даусыз талап түскеннен бастап үш жұмыс күні ішінде судья сот бұйрығын шығарады. Тараптарға уақыт жағынан ұтымды тұсы да осы.

           Сот бұйрығы шыққаннан кейін келесі күні жауапкерге тапсырылуы тиіс.  Егер жауапкер Азаматтық процестік кодекстің 142-бабына сәйкес, талапқа қарсылық білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жояды. Ал егер белгіленген мерзімде сотқа жауапкерден қарсылық түспесе, сот бұйрығы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.

А.Шакуал,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...