12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот ашықтығы – халық сенімінің негізі

Реформаларды тудыратын – қоғамдағы қажеттілік, азаматтардың қалауы, заманның өзгерісі. Бүгінге дейін қазақстандық сотта қолға алынған жаңашылдықтың барлығы сотқа деген сенімді нығайтуды мақсат етіп келеді. Бір қуанарлығы, осы бастамалардың барлығы нәтижесіз емес. Халықтың сеніміне ие бол үшін заңдарды жаңғыртып, сот корпусын білікті мамандармен толықтыру аздық етеді. Сенімді арттырудың тетігі сала жұмысының ашықтығына, судьялардың жауаптылығына, сонымен бірге, заманауи технология жетістіктерін оңтайлы қолдануға байланысты.

Соттағы ашықтықтың басты көрінісі – қазақстандық соттардың дені ашық өтеді. Оған қызығушылық танытқан азаматтар кедергісіз қатыса алады. Тек әр азамат өзінің жеке басын куаландыра алса және соттың ашық өтуіне заңдық негіз болса болғаны.

Бұл қатарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар. Отандық сот өз жұмысы туралы ақпарат таратып, жаңашылдықтарды бөлісуде аса белсенді. Бұқаралық ақпарат өкілдері көпшілік қызығушылығын тудырған істерге тұрақты қатысып, ақпарат таратуда да сауатты жұмыс жүргізуде. Мәселен, демократияның үлгісін көрсетіп келе жатқан Америка құрама штаттарының өзінде сот процестеріне журналистерді қатыстыруға рұқсат берілгенмен, тілшілердің суретке түсіріп, дыбыс-бейне жазба жүргізуіне, рұқсатсыз ақпарат таратуына тыйым салынған. Бұл журналистерді кемсіту емес. Мұны ақпараттық қауіпсіздікті қорғаумен байланыстырған жөн.

Ал бізде кез келген БАҚ өкілі сот процестерінен тікелей хабар таратып, оқиғаны дер кезінде көруіне, қолда бар деректер мен дәйектерге сүйне отырып пайым жасауына жол ашады. Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы шілде мен 2024 жылғы шілдедегі тәуелсіз сауалнамасының соңғы нәтижелері сот органдарына деген халықтың сенім деңгейінің өскенін дәлелдеп  отыр. Бұған сот отырыстарының барынша ашық өтетіні де өз әсерін тигізіп отырғаны даусыз. Ұлттық статистика бюросының көрсетуінше отандық сотқа деген азаматтардың сенімі былтырғы жылғы 55,2%-дан биыл 61,8%-ға дейін салыстырмалы түрде артқан. Бұл да болса сот саласындағы реформалардың ізсіз кетпегенінің, оң нәтиже көрсетіп жатқанының белгісі. Мұндай жағымды көрсеткіштің қалыптасуында съездердің де үлесі бар.

А.Кусаинова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Съезд міндеттері орындалуымен құнды

Судьялар съезінің тарихы тереңде. 1996 жылдан бастау алатын бұл...

Құқығыңды қорғай біл

Конституциямен айқындалғандай, әрбір қазақстандықтың құқығы заңмен қорғалған. Бұл ретте...

Реформалар Конституцияның негізінде жүргізіледі

Мемлекет пен қоғамның Ата Заңы бүкіл заң шығару ісінің...

Судья көмекшісін енгізудің көмегі көп

Сот саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі жоғары. Жылдар бойы...

«Судья көмекшісі» лауазымын енгізудің артықшылығы көп

Жақында Астана төрінде республика судьяларының ІХ съезі өткені белгілі....