12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот ардагер спортшыға төлем жасаудан бас тарту әрекетті заңсыз деп таныды

Талап коюшы «А» ақшалай көтермелеулерді төлеуден бас тарту жөніндегі әрекетті заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
2023 жылдың қыркүйегінде Хива қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті, онда талап қоюшы «А» Қазақстан Республикасы командасының құрамында 65-69 жас аралығындағы ардагерлер арасында, +85 кг салмақ дәрежесінде қатысып, үш түрі бойынша екі рет бірінші және екінші орынға ие болды.
2023 жылғы 14 қарашада «А» «Министрлік» мемлекеттік мекемесіне әлем чемпионатындағы жүлделі орындарға ақшалай көтермелеулер төлеу туралы өтінішпен жүгінді.
Алайда Министрлік тыңдау рәсімін өткізіп, ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы жауап берді.
Министрліктің жауабымен келіспей, талап қоюшы сотқа әкімшілік талап арызбен жүгінді.
Жауапкердің өкілінен қарсы пікір келіп түсіп, онда ол талап арызды қанағаттандырудан толық көлемде бас тартуды сұрады.
Қарсылықтар талап қоюшының ардагер спортшы екендігіне, яғни спорттық мансабын аяқтағанына байланысты. Нормаларда ардагер спортшыларға ақшалай ынталандыру төлемдері қарастырылмаған.
Сот отырысында талап қоюшының өкілі талапты қолдап, соттан толық қанағаттандыруды сұрады.
Сот жауапкерде ақшалай сыйақы төлеуден бас тартуға негіз жоқ деп санайды.
Жауапкердің құжаттарды аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары жарыс аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады, ал талап қоюшы көрсетілген мерзімде уәкілетті органға жүгінбегені туралы дәлелдерін сот дәрменсіз деп таныды.
Демек, жауапкердің ережелерде ақшалай сыйақыны төлеу ұлттық құрама командасының мүшелеріне ғана көзделгені және бюджетте спорт ардагерлеріне ақшалай сыйақы төлеу бойынша шығыстар көзделмегені туралы дәлелдері де дәрменсіз болып табылады деп есептейді.
Сот шешімімен әкімшілік талап қанағаттандырылды және Министрліктен Хива қаласында гір спорты бойынша әлем чемпионатында бірінші және екінші орын алғаны үшін «А»-ға ақшалай сыйақы төлеуге міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы Анар Шекенова

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...