«Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерінің орындалу барысын анықтау» тақырыбы бойынша «Дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысында сот әкімшісінің басшысы Ж.Шыршықбаев, Тараз қаласы прокуратурасының прокуроры Ү.Мырзаева, Жамбыл облыстық әкімшілік полиция басқармасының басшысы А.Калышев, Тараз қаласы полиция бөлімдерінің аға инспекторлары, Жамбыл облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары Б.Пралиев қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында сот актілерінің ұзақ орындалмауы, айыппұлдарды өндіріп алу бойынша әкімшілік істерінің сұрақтары талқыланып, сонымен қатар азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп алу, қылмыстық істері туралы сот шығындарының мәселелері қозғалды.

Сот әкімшісінің басшысы өз сөзінде сот жүйесінің беделі, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары қаншалықты сотпен қорғалғанына ғана тәуелді емес, сондай-ақ сот актілерін уақтылы орындаулына байланысты екендігін, сонымен қатар статистикаға тоқталып, соңғы жылдары орындалмай тұрған және орындауға жататын жалпы сомма жайлы айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, сот актілерін орындау бойынша бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігі туралы, сондай-ақ сот тарапынан қатысушыларға орындауға жататын сомма бойынша хаттар жолданып және олар бойынша жедел жұмыстар жасалынатыны жайлы қорытындыға келді.

Өз тілшіміз

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...