12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот актілеріне қойылар талап жоғары

Сот билігі мемлекет атынан жүзеге асырылады. Сондықтан, соттар қызметінің сапасын арттыру мен халықтың сала жұмысына деген сенімін нығайту – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі сналады. Бұл ретте, әрине, басты орынға сот актілерінің әділдігі мен олардың сауатты әрі түсінікті жазылуы шығады. Осы мақсатта Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен  атқарылып жатқан шаралардың маңызы зор әрі олар жылдан-жылға жетілдірілуде. Сот үкімі туралы нормативтік қаулылар негізінде сот актілерін әзірлеудің жаңа тәсілдері енгізілді. Бұған қоса  «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының «Сапалы нәтиже» жобасы сот актілерінің сапалы жазылуын қамтамасыз етті.

 2019 жыл «Сот төрелігінің сапасын арттыру жылы» болып жариялануы  соттар жұмысы сапасының одан әрі  артып, судьяларды іріктеу жүйесінің нығаюына оң ықпал жасады. Сондай-ақ, қоғам мен үшінші билік арасында тиімді қарым-қатынас қалыптастыруға әсер етті.  Сот процесін жүргізу мен сот актілерінің жаңа параметрлері жасалғанын және оларды жүзеге асыру тетіктерінің жедел іске қосылғанын да айтып өткен жөн болар.

Сот саласын жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамалардың барлығы қарапайым азаматтардың әділ сот шешімдеріне әлемдік стандарттарға сай қол жеткізуінің бірден-бір кепіліне айналды. Әрі олар уақыт талабымен үйлестірілуде. Қазіргі күні судьялар өздері шығарған сот актілерін сотқа қатысушыларға жан-жақты түсіндіреді. Мұның өзі жұртшылықтың сот төрелігінің әділдігіне деген сенімін көтеріп қана қоймай, негізсіз арыз-шағымдардың алдын алады. Сот актілері қысқа әрі нұсқа жазылады және олар тараптардың әрбір сұрағына уәжделген жауаптардан тұрады. Осылайша қысқа уақыт аралығында сот актілерінің біркелкілігі республика бойынша қамтамасыз етілді.

Жоғары талаптың жоғары нәтиже кепілі екені анық. Жоғарғы Сот тарапынан жоғары талаптардың қойылуы судьялардың қосымша ізденіп, кәсіби білімдерін шыңдауына жол ашады. Осы жылдар ішінде сот процесін өткізу, сондай-ақ, сот актілерін жазудың жаңа мәдениеті қалыптасып,  азаматтар құқықтарын сот арқылы қорғау деңгейі жандана түсті.

ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен шыққан «Сот актілерінің мемлекеттік тілдегі үлгілері» жинағының көмегі зор. Яғни, жинақ сот актілерінің сапалы дайындалуына бағдаршам болуда. Бүгінде соттың барлық шешімі ашық базаға салынады және олармен азаматтар таныса алады. Ал әр судьяның өзі шығарған шешімді түсіндіруі қоғамның сот жұмысын қадағалауына мүмкіндік тудырады. Мұның өзі соттардағы реформалардың заман талабына қарай әрі әлемдік стандарттарға сай жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.  

Марат Ибрагимов,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...