12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы  Сот әкімшілігі басшысының  2024 жылғы «8» сәуір № 6001-24-7-6/161   өкімімен  бекітілген,  аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу  Ережесіне сай,    сот актілері апелляциялық шағым беру және өтінішхат келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе өтінішхат келтірілмесе, орындауға беруге жатады.  

Сот актілерінің орындауға берілуін бақылауды соттың төрағасы және төрағалық етумен істерді қараған судьялар, сондай-ақ сот әкімшісі жүзеге асырады. 

Қылмыстық істер бойынша сот үкіміне, егер оларға шағым жасалмаса немесе олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасаудың және прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.

         Сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде немесе сот отырысында істі тоқтату туралы сот қаулысы айыпталушыны немесе сотталушыны қамаудан босатуға қатысты сол бөлігінде дереу орындауға жатады.

         Егер сот ақтау үкімін шығарса не сотталушыға жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға кесілсе, ал үкім шығарылғанға дейін ол қамауда болса, осындай шешімді шығарған сот оны дереу қамаудан босатады.

         Ақтау үкімінің немесе қылмыстық істі қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе өзгерту туралы қаулының көшірмесі мүдделі адамға табыс етіледі не поштамен жіберіледі. Сонымен бір мезгілде оған зиянды өтету тәртібі түсіндірілген хабарлама жіберіледі.

         Үкім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей, соттың орындауына беріледі.

         Үкімді орындау туралы өкімді судья Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкімді орындауға келтіру міндеті жүктелген сол органға үкімнің көшірмесін бірге жібереді. Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде үкім өзгерген жағдайда үкімнің көшірмесіне апелляциялық саты қаулысының көшірмесі қоса берілуге тиіс.

Бір немесе бірнеше сотталғандарға қатысты (топтық іс бойынша) апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілген жағдайда, егер оның күші жойылмаса, осындай іс бойынша барлық сотталғандарға қатысты үкім заңды күшіне енеді және ҚПК нормаларының талаптарына сәйкес орындауға беріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары қолданылған кезде судьялардың қойған қолдарымен және соттың елтаңбалық мөрімен куәдандырылған сот қаулысы мен сот-психиатриялық сараптама актісінің көшірмесі орындау үшін осы тұлғалар ұсталатын бас бостандығынан айыру орнына жіберіледі. Өзге барлық жағдайларда көрсетілген құжаттар орындау үшін денсаулық сақтау органдарына немесе сараптама өткізілгеннен кейін науқас болған сол мекемеге жіберіледі.

Медициналық сипатта мәжбүрлеу шараларын тағайындау туралы қаулыға оның жеке басын куәландыратын құжат қоса тіркеледі.

Кәмелетке толмағандарды шартты соттаудың, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларын қолданудың, ерекше ұстау режимімен білім беру ұйымына орналастырудың не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың барлық жағдайларында үкімнің немесе қаулының көшірмесі үкім, қаулы заңды күшіне енген күннен бастап үш тәуліктің ішінде сотталғанның тұрғылықты жеріндегі  мамандандырылған мемлекеттік органға және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Түзеу, қоғамдық жұмыстарға соттау, үкімнің орындалуын кейінге қалдыру, бас бостандығын шектеу туралы заңды күшіне енген үкімді орындауға беру үшін үкімнің екі көшірмесі және үкімнің заңды күшіне енуі туралы анықтама сотталғанның тұрғылықты жеріндегі қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанның инспекцияға келуі туралы оның қолхаты тіркеле отырып жіберіледі.

         Әскер қатарына шақырылған және әскери міндетті сотталғандарға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы сот отырысының хатшысы үш күн мерзімде соттың елтаңбалық мөрімен бірге судьяның қолы қойылған хатпен сотталғанның тұрғылықты жеріндегі қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдерге хабарлауға міндетті.

Зейнетақы алатын және бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты үкімнің көшірмесі мәлімет үшін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын органдарға жіберіледі.

         Егер үкімде сотталғанды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан, Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атақтан, сыныптық шеннен, дипломаттық дәрежеден немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы мәселені қою қажеттігі көрсетілсе, сотталғанды мемлекеттік наградадан, көрсетілген атақтардан, сыныптық шеннен, дипломаттық дәрежеден немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы үкім шығарған соттың ұсынымы үкімнің көшірмесімен және оның заңды күшіне енуі туралы анықтамамен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

Ғылыми дәрежесі және атағы бар адамдардың сотталғаны туралы сот Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Жоғары аттестация комиссиясын хабардар етеді.

         Жазадан шартты-мерзімінен бұрын босату, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде босату, науқасы бойынша жазасын өтеуден босату туралы істе сот қаулысының көшірмесі үкім орындалатын жердегі түзеу мекемесінің әкімшілігіне, үкімді шығарған сотқа  іске қосу үшін, ал кәмелетке толмағандарға қатысты, бұдан басқа босағаннан кейін өздері таңдаған тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Сотталғанның бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі түзеу жұмыстарымен ауыстырылған жағдайда бас бостандығынан айыру органдарына қаулының үш көшірмесі (оның ішінде екеуін қылмыстық-атқару органдарына кейіннен жіберу үшін) жіберіледі.

         Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау жағдайларының өзгергені туралы істер бойынша сот қаулыларының көшірмелері жазаны  өтеу уақытында түзеу мекемесінің әкімшілігіне жіберіледі.

Жазадан шартты-мерзімінен бұрын босату туралы, жазаны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау жағдайларының өзгеруі туралы істер бойынша жазаны өтеу уақытында қаулының көшірмесі түзеу мекемесінің әкімшілігіне жіберіледі.

Сот қаулыларының көшірмелері түзеу мекемесінің әкімшілігіне олар заңды күшіне енген күннен бастап үш күндік мерзімде жіберіледі.

Сотталғанның мүлкін тәркілеу және айыппұлды мемлекет табысына өндіру туралы үкімдер бойынша атқару құжаты, сот актісінің көшірмесі, не соттың мөрімен куәландырылған одан үзінді көшірмесі және мүлік тізімдемесінің көшірмесі орындау үшін тәркілеуге жататын мүліктің орналасқан жеріндегі атқарушылық іс жүргізу органына жіберіледі.

Қылмыспен келтірілген азаматтық талап арыз  бойынша үкім күшіне енгеннен кейін, азаматтық жауапкерке  азаматтық талап бөлігінде азаматтық талапкерге келтірілген моральдық зиянды өз еркімен өтеуге  уақыт беріледі. Осы берілген уақыт аралығында үкім азаматтық талап бөлігінде сотталушы  өз еркімен орындамаған жағдайда, қаулы мәжбүрлеп орындау үшін тиісті мекемеге жіберіледі. 

         Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжаты электрондық атқару құжаты нысанында жазып берілген жағдайда, сот актісінің көшірмесі не оның үзiндi көшірмесі судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында қоса беріледі.

         Тарабы мемлекет болып табылатын, мүлік тәркілеген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, мерттігуден немесе денсаулыққа өзге де зиян келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.

Сотталғанға негізгі жаза ретінде тағайындалған белгілі бір лауазыммен айналысу немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде, сондай-ақ негізгі жазаға қосымша ретінде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазалау шарасы қолданылған кезде, сондай-ақ шартты түрде соттаған кезде үкімнің көшірмесі, үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш тәуліктін ішінде сотталғанның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне жіберілуге тиіс.

         Сот актісінің орындалғаны туралы өкім,  хабарлама істерге, материалдарға қоса тіркеледі. Сот актісінің орындалуы туралы хабарлама түспеген кезде тоқсанына кемінде бір рет еске түсіру туралы ескертпе  хаттар  жіберіледі. Үкімді, қаулыны орындауға беруге байланысты әрекеттер туралы міндетті тәртіппен істің анықтамалық парағында белгі жасалады.

Айгүл Қабдуллақызы, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің  бас маманы-сот отырысының хатшысы 

Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевичтің зерттеулерінде

«Ауыл» партиясының Орталық аппараты және Алматы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен...

Ата Заң – елдің басты құжаты

Мемлекет пен қоғам өмірінің негізі саналатын Конституция – елдің...

Jas Republic Cup II дебат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Астанада Respublica партиясы мен ÖzgerTeam қоғамдық қоры ұйымдастырған Jas...

Стали известны победители дебатного турнира Jas Republic Cup II

В Астане завершился финал второго республиканского дебатного турнира Jas...