12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот әкімшілігінің жұмысы жандануда

Сот жүйесінің институционалдық тәуелсіздігін нығайту мен сала жұмысына озық халықаралық тәжірибені енгізу, согндай-ақ, халықтың сотқа деген сенімін арттыру мәселелері ешқашан да өзектілігін жоймайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында бірқатар бағытты айқындап, сот әкімшілігінің жаңа моделін қалыптастыруға назар аудартқан болатын. Соның нәтижесінде Соттардың қызметін қамтамасыз ету ету департаменті де реформаланып, аталған департамент Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі болып қайта құрылғаны баршаға мәлім.

Ал сот әкімшісінің аумақ­тық органдары департамент болып өзгертілді. Осылайша орталық органдармен тең дәрежеде өзара іс-қимыл орнату, соттар қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық сүйемелдеу сынды ауқымды міндеттер Сот әкімшілігіне жүктелді. Мұндай қадам соттардың тәуелсіздігін мейлінше күшейтіп, жұртшылықтың жүйе жұмысына деген сенімін нық қалыптастыруға жол ашты.

Бүгінде Сот әкімшіліктері  осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сот төрелігі  тәуілсіздігінің қамтамасыз етілуіне барынша жағдай жасау, сондай-ақ, соттар қызметін жетілдіруге бағытталған реформаларды әзірлеу секілді ауқымды міндеттерді  абыроймен атқаруда. Бұған қоса сот тәжірибесін талдап, сотқа түскен істер бойынша статистикалық есеп жүргізеді.  Құзыреттің кеңеюі өз кезегінде жауапкершілікті одан әрі арттырды. Айтып өтерлігі, сот әкімшілігі қызметін Конституция мен ел заңдарына, нормативтік  құқықтық актілерге, арнайы Ережеге сүйеніп жүзеге асырады.

БҰҰ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, CEPEJ, сондай-ақ, өзге де  ұйымдардың халықаралық тәжірибесі мен ұсынымдарының нәтижесінде құрылған бірегей институт мемлекеттік биліктің тә­уел­сіз тармағы ретінде қызмет етуде. Сот төрағаларының әкімшілік істерден босатылып, бар күш-жігерін сот төрелігіне жұмылдыруына мүмкіндік алуы өз кезегінде судьялардың негізгі миссияларына толықтай назар аударуына жағдай жасайды.

Соттар қызметін тиімді ұйымдастыруымен  ерекшеленетін сот әкімшілігі   ұлттық тәр­бие мен құндылықтарға негіз­делген қоғамдық іс-шараларды да жүйелі жүргізуде. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жанданып, түрлі мәселемен сотқа жүгінетін азаматтардың сот билігіне деген сенімін нығаятары хақ.

Айнұр Бақытжанқызы,

 Бостандық аудандық сотының сот әкімшісі

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...