Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-шы мақсаты – бейбітшілік пен әділеттілікке қол жеткізу және мықты институттарды құру. 16-шы мақсатта-қоғамда зорлық-зомбылықты азайту, баршаға әділеттілікті қамтамасыз ету және тұрақты, ашық, тиімді және есеп беретін мекемелерді дамыту көзделген.Бейбітшілік – бұл әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі. Елдер мен қоғамдар тек соғыстар мен қақтығыстардан азат болған кезде ғана тұрақты дамуды қолдай алады. Қарулы қақтығыстардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, сондай-ақ азаматтық құқықтар мен еркіндікті құрметтеу бейбітшілікке жетудің маңызды аспектілері.Әділеттілікке қол жеткізу үшін құқықтық жүйенің әділ, тең және ашық болуы маңызды. Барлық азаматтар заң алдында тең болып, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік алуы керек. Коррупция мен сыбайластықтың төмендетілуі, сот жүйесінің тәуелсіздігі және заңның үстемдігі әділетті қоғам қалыптастыруға көмектеседі.Мықты институттар – тұрақты қоғамдардың негізі. Олар қоғамның барлық мүшелеріне қызмет етіп, халықтың сеніміне ие болу керек. Мекемелердің тиімділігі, есеп берушілігі және ашықтығы тұрақтылық пен даму үшін маңызды. Мықты институттар сонымен қатар адамның негізгі құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерге тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бейбітшілік пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ мықты институттарды дамыту арқылы қоғамдар тұрақты даму жолында сенімді қадам жасай алады. Бұл мақсаттың орындалуы тек үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам мен жеке сектордың да ынтымақтастығын қажет етеді.
Болашағы айқын болар елдің соты әділ болу керек деп санаймын. Сот төрелігі мен сот әділдігі – қоғамның заңдылықтары мен құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктері. Бұл институттардың маңызды мақсаты – қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау. Қазақстанның құқықтық жүйесі де осы мақсатқа бағытталған, ал сот төрелігі – мемлекеттің заңдары мен Конституциясына негізделген әділдік принциптерін жүзеге асырудың басты құралы. Сот төрелігі – мемлекеттің заңдарды қолдану арқылы қақтығыстарды шешу, заң бұзушылықтарға қатысты жазаларды қолдану және азаматтардың құқықтарын қорғау процесі. Бұл механизм қоғамдағы тәртіпті сақтау үшін қажет. Қазақстан Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек соттар жүзеге асырады. Бұл қағида сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, әрбір азаматтың заң алдында тең құқықтары бар екенін көрсетеді. Сот төрелігі – қоғамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы негізгі құрал болғандықтан, оның тиімділігі мен әділдігі – мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті өз тарапымыздан жоғары аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Болашақ заңгерлерді тәрбиелеу – қоғамның құқықтық санасын қалыптастыруда, заң үстемдігін орнатуда және әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын үрдіс. Заңгер мамандығы тек білім мен құқықтық сауаттылықты талап етіп қоймай, кәсіби этика, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді де бойға сіңіруді қажет етеді. Сондықтан болашақ заңгерлерді даярлау жоғары білім беру мекемелері мен қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Болашақта ҚазҰУ-түлектері әділ шешім шығаратын маман иелері болады деп ойлаймыз.
Атаханова Г.М
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының профессоры;
Советхан Ш.Д
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығының оқытушысы