12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа жіберілетін материалдардың тәртібі түсіндірілді

Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қалалық сотына бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандардың материалдарын жіберу тәртібін талқылады.

Түркістан қалалық сотында «Сотқа жіберілетін материалдарды орындау тәртібін рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстелде сотқа жіберілетін материалдарыдың дұрыс құрылуы және материалдарды жазу барысында қателіктер жіберілмеу тәртібі де түсіндірілді.

Аталған іс-шараға Түркістан қалалық сотының судьясы, қалалық пробация қызметі бастығы әділет майоры ақмарал Торланова және пробация қызметінің инспекторлары қатысты.

Судья өз баяндамасында, жазаны өтеуді шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың және тағайындалған жазаның мерзімін қысқартудағы сот практикасы туралы айтты. Судья пробация қызметінің инспекторлары материалдарды рәсімдеу және сотқа жіберу кезінде қателік жібермеу керектігін де тілге тиек етті.

Аталған санаттағы материалдарды қарау сапасын жақсарту мақсатында, пробация қызметінің қызметкерлеріне материалдардың сапалы рәсімделуіне назар аударуды, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың сот практикасы туралы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын басшылыққа алуды ескертті.

Сот төрағасының кездесуінде көптеген мәселені талқыладық. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандардың материалдарын сотқа жіберу барысында кейбір материалдардың не себепті кері қайтарылатыны да түсіндірілді. Әрине, пробация қызметіне келіп түскен әрбір сотталушының материалын жіті тексеріп барып, сотқа ұсынымға жіберіп отырамыз, — деді қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Мадина Асқарқызы.

Раушан Нарбек
Түркістан облысы

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...

В День Республики — инициатива, единство и гордость

В честь Дня Республики Казахстан осуждённые учреждения №14 ДУИС...

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең...