Соңғы жылдары соттардың дербестігін күшейту бағытында бірқатар істер атқарылып, заман талабына сай заңдар қабылданды және аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізіліп электрондық сипатта іс қағаздарын тіркеу және жүйелендірілген программаға тіркеліп ендірілу енгізілді.
Сот билігінің пәрменді екеніне халық сену үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылып, келіп түскен іс-құжаттардың толық орындалуына басты назар аудару қажеттігі туындады. Қазіргі таңда аудандық және оған теңестірілген соттарды іс қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі яғни сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп қабылданады.
Арыз (шағым) жеке берілген кезде сот кеңсесінің қызметкері арызданушыға арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды толтыруды ұсынады, онда сот талқылауына шақыруды, арызды (шағымды) қарау нәтижелерін ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық адреске жіберу көзделеді. Арызданушының наразылықтары болмаған жағдайда кеңсе қызметкері арызды (шағымды) тіркеу туралы талон береді, оның түбіртегі арызға (шағымға) қоса тіркеледі.Арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды қалыптастыру және беру арызды тіркеу және электрондық хабарландыруларды жіберу туралы талонды беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Арыз пошта байланысы арқылы келсе – кеңсе қызметкері конверттердің, бандерольдердің бүтіндігін тексереді, пакеттерді, конверттерді ашады, оларда құжаттардың және олардың қосымшаларының бар екендігін тексереді, конверттегі көрсетілген нөмірлерге түскен құжаттардың нөмірлерінің сәйкестігін салыстырып тексереді.
Қате жеткізілген хат-хабарлар тиесілігі бойынша қайта жолданады немесе жіберушіге ілеспе хатпен қайтарылады. Келіп түскен хат-хабарлардың конверттері, егер жіберушінің мекен-жайын, құжаттың жіберілген немесе алынған уақытын конверт арқылы ғана анықтау мүмкін болған жағдайда, сондай-ақ жеке құжаттар түскен кезде сақталады. Аталған хат-хабарлар мақсаты бойынша беріледі. Әрбір бастапқы түскен құжатқа Төрелік ақпараттық есепке алу құжат толтырылады және кіріс құжатын тіркеу жүзеге асырылады.
Құжаттарды электрондық түрде беру сервистері арқылы түскен құжаттар «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервис арқылы құжаттарды электрондық түрде беру тәртібі туралы және Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды және басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықтарда белгіленген тәсілдермен ғана берілуі мүмкін.
Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулық сотқа құжаттарды электронды құжат нысанында беру мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
Жеткізілген электрондық құжат «Кіріс хат-хабарлар» – «Тіркеуді күтіде» – «Төрелік» – «Электрондық құжаттарды біреу/тіркеу модулі» папкасында орналастырылады.
Түскен электрондық талап арыздар (арыздар) мынадай электрондық карточкалардан тұрады:
1) кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы;
2) азаматтық іс бойынша;
3) тұлға бойынша;
4) электрондық құжаттар;
«Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тұтастығы мен жарамдылығы тексерілгеннен кейін тіркелуге жатады.
Құжаттарды тіркеуді мынадай себептер бойынша қабылдамауға болады:
1) түскен құжат оқылмайды;
2) құжат қайта жіберліген және Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде осыдан бұрын тіркелген;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның нәтижесі теріс болғанда;
4) құжат адресаты осы сот болып табылмайды;
5) сот кеңсесінің қызметкері көрсеткен өзге себептер.
Егер құжаттарды электрондық беру жүйесі арқылы берілген құжаттар сотқа түскеннен кейін сотқа қағаз жеткізгіштердегі олардың түпнұсқалары жіберілген болса, олар бұрын түскен электрондық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі және ондай анықталған жағдайда бұрын берілген тіркеу нөмірі қағаз жеткізгішке қойылады.
А.Жаппасбаева
Қызылорда қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы