12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа  маңыздысы – тараптарды  татуластыру

«Медиация» — терминің соңғы кезде тек сот саласында емес, халық арасында да жиі  естіп келеміз. Медиация  дегеніміз — даулы  мәселені  бітімгершілікпен шешу. Қазіргі  сот жүйесіне өте қажетті  жолдардың бірі. Медиация арқылы сот жұмысының да, тараптар арасындағы ұзақ уақытқа созылатын сот әуре салаңдығын азайтады.  Дұрыс қолдана  білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмілеге келе алады. Медиациясының  сот шешімен айырмашылығы, тараптар өздері берген талаптарынан тыс шығып, екі жаққа да қолайлы  келісім жасауы басты артықшылық  болып табылады. Медиацияға жүгінсе  дауласушылардың – бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы  екі жақтыңда келісімге келудің дұрыс жолын іздейді.

Қазіргі кезде дау көбейді. Оған басты себеп — меншік түрлерінің көбеюі,  нарық қатынастың дамуы  және халықтың  құқықтық сауаттылығының  артуы мен азаматтардың  психологиялық-эмоциялық жағынан  өзгеруі  болып  табылады. Азаматтар болмашы  ұсақ  даулармен де  сотқа  жүгіне береді. Әрине, сотқа жүгіну  әр  азаматтың  құқығы бар. Оларды бірдей  екі жақты бірдей қанағаттандыратын шешім  шығару мүмкін емес. Шешім  шығарылған кеде тек бір тарапқа  ғана «өз жеңісіне»  жетеді.Негізінен  айтқанда, «Медиация  туралы» заң  қазақ халқының  дәстүрлі  билер  мен ата-баба тағылымын, әдет–ғұрып ережесін тәжірибесін қалпына  келтіруге жасалған қадамдардың  бірі, екі тарап арасында бітімгершілік көпір салудың тиімді жолы болып табылады.

Алғашында атауын жатырқап, ел арасында  түсінбеушілік болғанымен, шын мәнінде  қазіргі  таңдағы сот тәжірибесінде осы медиация арқылы шаңырағы  шайқалған отбасыларды сақтап, көршілер арасындағы түсінбеушілікті реттеп, кәсіпкерлер өзара дауларды реттеп отырғандары қуантарлық жағдай.

                                                                                  Күміс Байтакова,

                                                Орал қаласының  №2 сотының жетекші маман.

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...