12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотқа дейінгі хаттама

Азаматтық сот өндірісінде бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның көмегімен дауды реттеу рәсімі жолға қо­йылған.
«ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу инс­титуттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы аясында татуласу рәсімдеріне қатысты жаңа нормалар енгізілді. Аталған заңға сәйкес, Азаматтық процестік кодексіне «сотқа дейінгі хаттама» ұғымы енгізілді.
Татуластырушы судья соттың қарауына жатпайтын талап қоюларды уақытында қайтарып немесе қабылдаудан бас тартады. Бұл әрекеттер АПК-нің 151, 152-бабымен реттеліп, судья бес жұмыс күні ішінде процестік шешім қабылдауы тиіс. Судья оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен немесе жалпы тәртіппен қаралатын талап қоюлар бойынша, тараптарды шақыру қағазын сотқа дейінгі хаттама нысанымен бірге жолдауы қажет.
Сотқа дейінгі хаттамаға сай сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуға шақыру жіберіп, тараптарды бітімге келтіруге ықпал ету үшін шаралар қабылдайды.
Шақыруда сотқа талап қоюдың түскені, тараптарға бітімгершілік келісім, медиация, партисипатив­тік рәсім аясында дауды шешудің тиімділігі, Азаматтық-процестік кодекстің 73-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығын түсіндіреді.
Тараптар іс қозғалғанға дейін сотқа дейінгі реттеу хаттамасын жасау арқылы қарым-қатынас­тарын сақтап, моральдық және материалдық шығындарын азайта алады. Дауды (жанжалды) реттеу келісімі жазбаша түрде жүргізіліп, тараптар қол қояды. Келісімді көрсетілген мерзім мен тәртіпте ерікті түрде орындау керек.
Судья сотқа дейінгі хаттама бойынша бірінші талап қоюды қабылдауда құқықтық кедергілер болған кезде талап қоюды қабылдаудан бас тарту немесе қайтару туралы ұйғарым шығарады. Азаматтық іс қозғалған кезден бастап келесі күннен кешіктірмей, тараптарға талап қоюды қабылдау үшін негіз болған жағдайда сотқа талап қоюдың келіп түскені туралы хабарлайды. Сотқа дейінгі хаттаманы жасаудың тиімділігін түсіндіріп, тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға арналған келісімді жібереді. Бұл ретте бірнеше әңгімелесулер өткізілуі мүмкін екені ескеріле отырып, татуластыру рәсімі үшін 10 жұмыс күнінің, сотқа дейінгі хаттама жасалған кезде 15 жұмыс күні ішінде әңгімелесу күні тағайындалуы тиіс.
Егер тараптар 10 жұмыс күні ішінде сотқа дейінгі хаттама жасамай, татуластыру рәсімдері арқылы келісімді бекіту бойынша өтініш жасаса, азаматтық іс қозғау, сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады.
Тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда, судья келісім шарттарының заңға сәйкестігін және алдын ала сот отырысында үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылмауын тексеріп, оны бекіту, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Тараптар келмеген жағдайда немесе татуластыру рәсіміне қатысудан бас тарт­са, татуластыру рәсімінің сәтсіздігін анықтамалық парақта көрсете отырып, қайта бөлу үшін 10 жұмыс күні өткенге дейін талап қоюды сот кеңсесіне береді.
15 жұмыс күннің ішінде сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар ондағы талаптарды орындамай, татуласу рәсімі нәтижесіз болса, судья талап қоюды сот кеңсесіне қайта бөлу үшін өткізу керек. Бұл – қоғамдағы татуласу тетіктерін дамытуға бағытталған қадамның бiрі.

Эльдар Рысқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының судьясы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...