12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот қызметкерлерінің әдеп қағидаты өте маңызды

 Құқықтық елдің кемел болмысының көрінісі соттардың әділдігімен  тығыз байланысты. Ал,әділ сот төрелігін сот саласының басты тұлғалары судьялар жүзеге асырады. Сондықтан, оларға әрқашанда қатаң талаптар қойылып, жоғары жауапкершілік жүктеледі. Тек кәсіби жұмыста ғана емес, барлық уақытта судьялар қызметтік және әдеп нормаларын қатаң ұстануға міндеттелген.Осы себепті, «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын», «Қазы – халықтың ожданы» ұғымдары қалыптасқан.

Қоғамның сот төрелігіне деген сенімін нығайту бағытында мінез-құлықтың жоғары деңгейін танытуға және сот билігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға судьямен қатар соттың әрбір қызметкері міндетті. Өйткені, соттың беделін ондағы әрбір адамнан бөліп қарай алмаймыз. Ал судьялар қойылар талаптар Қазақстан РеспубликасыСудьяларының әдеп кодексімен бекітілген. Әдеп кодексі сот пен судья әдебі нормаларын бұзу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың кәсіби-әдептік стандарттарын, т.б. айқындайды. 

Уақыт сұранысына орай аталған кодекс толықтырылып отырады. Бүгінге дейін бұл құжат бірнеше рет жаңартылды.  Соңғы өзгертулер Қазақстан Судьялар Одағының IX сьезінде енгізіліп, қабылданды. Онда судья әдебінің нормалары егжей-тегжейлі реттелген. Жаңартылған кодексте судьяның абырой-беделіне ерекше назар аударылған. Судья өз қызметі арқылы ел халқының бойында Конституцияны, заңдарды құрметтеу сезімін қалыптастыра білуі, сонымен бірге сот билігінің тәуелсіздігі принципін сақтауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрусудьяның басты міндеті саналады.

Мемлекет басшысының «Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды» деуі судьяларды адалдық пен әділдіктің жарқын үлгісі болуға міндеттейді. Жаңа кодекске орай сот ісін қарау кезінде жіберілген барлық қателікті қазылар қауымы қарайтын болды. Бұл өзгеріс соттардың тәртіптік жауапкершілігін одан әрі арттырады.

Әдеп кодексінің ережелері Конституцияға және Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңға негізделген. Судья өзінің кәсіби қызметін атқаруда заңталаптарына бағынып, сырттан болуы мүмкін ықпалдың бірде-біріне жол бермеуі, сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуде тиісті шараларды қолдануы тиіс. Қазіргі таңда қазылар қауымының алдына сот жүйесінің беделін арттыру, сот органдарына халық сенімін нығайту мақсаты қойылған. Осы себепті, арнайы әдеп кодексімен белгіленген талаптарды қатаң сақтап, Қазақстан Республикасының судьясы мәртебелі атағын абыроймен алып жүру барлық судья үшін маңызды.

IX сьезде қабылданған әдеп кодексінде қазіргі уақыттың талаптары толықтай ескерілген, яғни, бүгінгідей ақпараттық заманда судьялар ұстанатын әдептілік қағидалары жан-жақты көрініс тапқан. Қолданыстағы әдеп кодексімен бекітілген талаптарды сақтап,  оларды мүлтіксіз орындау  әрбір судьяның міндеті саналады.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Утеубаев Канат Талғатбекович

Ата Заң қорғанымыз!

Қазақстан халқы осыдан 30 жыл бұрын тарихи таңдау жасап,...

30 лет Конституции Республики Казахстан

30 августа 2025 года в Республике Казахстан казахстанцы празднуют...

Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы жүргізілді

Талдыорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс...

Впервые в Жетысу: в ОМК проведена трансторакальная трепанобиопсия легкого под КТ-навигацией

В Областной многопрофильной клинике города Талдыкорган под руководством главного...

Арна Дуйсенова: «Конституция гарантирует равенство граждан»

Сегодня в выступлении прозвучало, что Конституция Казахстана провозглашает высшей...