12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың немесе ұйымның шетелдік серіктестермен құқықтық қатынасқа түсу мүмкіндігін арттырды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының сот органдарынан берілетін ресми құжаттардың шет мемлекеттерде заңды күшке ие болуы өзекті мәселе болып отыр. Бұл ретте негізгі құқықтық құралдардың бірі – апостиль қою рәсімі және оның электрондық форматта қолжетімді болуы.

Апостиль – бұл құжаттың ресми мәртебесін, яғни оны берген лауазымды тұлғаның қолы мен мөрінің түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба. Ол 1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы елдер арасында құжаттарды заңдастыру рәсімін жеңілдету үшін енгізілген.

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою – олардың шетелде заңды танылуын қамтамасыз етеді. Бұған сот шешімдері, үкімдер, анықтамалар, сот актілерінің көшірмелері және басқа да ресми құжаттар жатады.

Бүгінгі күні апостиль қою рәсімін орындау азаматтарға бұрынғыдай қағаз жүзінде мемлекеттік органдарға бармай-ақ, электрондық үкіметтің (eGov.kz) веб-порталы арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі берілген.

Бұл жаңашылдық:

 • уақытты үнемдейді;

 • кез келген өңірден онлайн өтініш беруге мүмкіндік береді;

 • мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.

Электрондық форматтағы апостиль халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және шетелдік мекемелерде заңды күшке ие. Бұл – еліміздің сот жүйесінде цифрландыру процесінің нақты нәтижесі.

eGov.kz порталында «Құжаттарға апостиль қою» қызметін таңдау арқылы азамат өз өтінішін тіркеп, қажетті құжаттарды қоса жүктей алады. Өтініш электронды түрде қаралып, дайын болған жағдайда азаматқа электрондық апостиль қойылған құжат PDF форматында жолданады.

Мұндай жүйе сот органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет порталының мүмкіндіктері – заманауи сот жүйесінің ашықтығын, тиімділігін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді.

Бұл бастамалар Қазақстанның құқықтық жүйесін цифрлық дәуір талабына сай жетілдіріп, азаматтарға ыңғайлы әрі сенімді қызмет көрсетуге жол ашып отыр.

Л.Әбдуәли, Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

жетекші маманы

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтер Жапонияда тағылымдамадан өтеді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапониялық жетекші мамандардың қатысуымен оперативтік...

От Конаева до Токио: казахстанские хирурги пройдут стажировку в Японии

В Городской многопрофильной больнице Конаева стартовал международный мастер-класс по...

Молодежь Казахстана гордится своим происхождением и ценит семью – исследование

Опубликованы результаты исследования «Будущее поколение Казахстана», проведенного организацией «British...

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция...