spot_img
spot_img

SONY PICTURES СТУДИЯСЫНЫҢ «ВЕНОМ: СОҢҒЫ БИ» ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ тіліне аударылған әлемдік премьераларды көруге шақырады

Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды.

24 қазаннан бастап «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысы кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждады.

Бұл – «Веном» трилогиясының қорытынды бөлімі. Marvel комикстеріне негізделген. Алғашқы екі бөлімі үлкен қызығушылық тудырды. Басты рөлді теңдессіз Том Харди сомдайды. Бұл жолы Эдди мен Веном достасып, зұлымдармен бірге күреседі.

«Sony Pictures компаниясында дубляж бен локализация әрдайым халықаралық маркетинг стратегиясының ажырамас бөлігі болатын. Бұрыннан келе жатқан серіктесіміз, «Меломан» компаниясымен бірлескен жұмысымыздың арқасында, франшизаның жаңа бөлімі «Веном: Соңғы би» туындысында Веном қазақ тілінде сөйлейтініне қуаныштымыз», – дейді Sony Pictures компаниясының халықаралық маркетинг жөніндегі вице-президенті Наталия Грымова.

«Голливуд студиялары қазақ тілінің дамытуға белсенді үлес қосып жатқаны біз үшін өте маңызды! Биыл Қазақстанның үлкен экрандарына жаңа «Веном: Соңғы би» блокбастерін шығарамыз. Дыбысталған фильмдер тек көңіл көтермейді, сондай-ақ олардың орасан зор танымдық әлеуеті бар! Елестетіп көріңізші: сүйікті суперқаһармандар сізге жақындай түседі! Веномның өзі ана тіліңізде сөйлейді. Бұл ғажап қой! Ал студияларға көрермендердің қазақ дубляжына деген сүйіспеншілігін көрсетіп, келесі жылы қазақ тілінде шығатын дубляждар мен ғажайып шытырман туындыларды күтеміз», – деп пікір білдірді MARWIN/Меломан бас директоры Вадим Голенко. 

«Қазақ тіліне аударылып жатқан фильмдерді кеңінен насихаттап, кинотеатрларға барып, қазақ дубляжын қолдауға шақырамыз. Әлемдік студиялардың қазақтілді ортаның қызығушылығын ескеріп, туындыларын өз есебінен аударып, ұсынуы – біз үшін өте жақсы жаңалық. Биылғы әлемдік премьералардың қазақ тіліндегі аудармасы бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге жетті. Қазақша кино қарауға ықыласты қауымның көбейгені анық байқалды. Алдағы уақытта танымал туындыларды қазақ тіліне аудару дәстүрі жалғаса береді. Бұл тіліміздің, әсіресе, балалар мен жастар үшін тартымдылығын арттыруға және кеңінен таратуға бағытталған тиімді тәсіл деп санаймын», — дейді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

Қазақ тіліндегі дубляжды қазақстандық Movie Dalen дубляж студиясы жасады.

Қазақ тіліндегі ресми трейлер: қазақ тіліндегі трейлерді көру

Орыс тіліндегі ресми трейлер: орыс тіліндегі трейлерді көру

(Видеоны онлайн-ресурсыңызға қою функциясы (embed) арқылы орналастыра аласыз)

Бұған дейін Disney, Pixar сынды халықаралық студиялар әлемдік танымал туындыларын өз есебінен қазақ тіліне аударып, кәсіби дубляж жасады. «Ойжұмбақ 2» фильмі алғашқы 4 күнде 40 000 000 теңгеден астам қаражат жинап, бұған дейін көрсетілген туындылар арасында рекорд орнатты. Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері арасында Қазақстан жиналған сома бойынша бірінші орында тұрды.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....