12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде сотталғандардың отбасы құруы 46% артқан

2020 жылы облыс мекемелерінде 13 сотталған отбасы құрса, 2021 жылы бұл сан 19-ға жетіп, 46% артқан. 2022 жылы 1 сотталған отбасын құрып үлгерді.

— Бас бостандығынан айыру орындарында неке қию сирек жағдай емес. Көптеген түзету мекемелерінде неке тіпті сотталғандарға оң әсер етеді. Олар сотталғанның тәртібінің үлгілі болып, мерзімінен бұрын босатылып шығуын ынталандырады. Некені құру себебі көбінесе туыс емес адамдармен кездесудің тыйым салуы болып табылады. Бірнеше жыл күтуге дайын адамдар жоқтың қасы. Әйелдердің сотталғаннан жігітпен некеге тұруының себебі – азаматтық және ресми жарының құқықтарындағы айырмашылық. Азаматтық жары тек мекеме қызметкелерінің қатысуымен қысқа мерзімді кездесуге (2 сағат) мүмкіндік берсе, заңды әйелі ұзақ мерзімді кездесуге (2 тәулік) мүмкіндік алады, — СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Сотталғандар қарым-қатынасты хат алмасу арқылы, не бостандықта жүрген кездегі кездескен адамдармен отбасын құрады.

Сотталған Олег пен Антонина 15 жылдан бері таныс. Екеуінің де бірінші некелерінде жолдары болмаған. Бірге жұмыс істеген, жылдар өте келе достықтары махаббатқа ұласқан. Екі жыл бірге азаматтық некеде тұрған соң, үйленейін деп жоспар құрғанда, Олег ЕС-164/3 мекемесіне «Ұрлық» жасап, 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Антонина сүйіктісін тосуға шешім қабылдап, бүгін екеуі некелерін заңдастырды.

— Бақыттымын, күтуге дайынмын. 5 жыл өтеді де шығады, уақыт өткінші, — Антонина.

«Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандармен некеге тұру рәсімі болашақ жұбайы сотталғанның тұрғылықты жері бойынша АХАТ органдарына, яғни Петропавл қаласының АХАТ-на барады, некеге тұру ниеті туралы мәлімдейді, АХАТ қызметкерінің қатысуымен өтініш толтырады, содан кейін бұл өтінішті болашақ жұбайы өтініштің екінші бөлігін толтыру үшін ҚАЖ мекемесіне береді. Сотталған әкімшілік қызметкерінің қатысуымен өтініштің екінші жағын толтырады және қол қояды. Оның қолын мекеме бастығы куәландырады. Арызға некеге отырған сотталған адамның жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі және АХАТ-қа жіберіледі. Өтінішті алғаннан кейін АХАТ органдары некені тіркеу күнін белгілейді. Некені тіркеу күні мекемеге АХАТ қызметкері және сотталушының болашақ жұбайы келеді. Некені тіркегеннен кейін жаңадан келгендер алғашқы ұзақ кездесуге құқылы», — СҚО бойынша ҚАЖД арнайы есеп тобының бас маманы әділет майоры Гүлжан Абканова.

Айта кетерлік жайт, әйелдер сотталған жарларын күтуге әлдеқайда асық. Өткен жылы Петропавл қаласының әйелдер колониясында тек 2 сотталған әйел отбасын құрған.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...

Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам...