Солақайларды оң қолға үйрету қаншалықты дұрыс? Маман жауабы

Графолог-психолог Лариса Дрыгваль солақайларды қайтадан оң қолға үйретудің салдары мен себебін түсіндірді. Бұл туралы ол ресейлік журналист Юлия Меньшоваға берген сұхбатында айтты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік графолог маман Лариса Дрыгваль солақай баланы оң қолға үйретудің жетілуге қалай әсер ететіні жайлы айтты. 

«Қайта үйрету деген сөздің өзі — ауыр нәрсе. Өйткені бұл дүние балаға түсіндірілмейді. «Не үшін, неге?» деген сауалдарға жауап болмайды. Сол сәтте қабылдағысы келмеген нәрсе болса, баланың келешегіне де әсерін береді. Табиғатында солақайлардың өзінде миының оң жақ жарты шары жақсы жұмыс істейді. Қайта үйрету арқылы сол жақ жарты шарды одан сайын жұмыстан алыстата береміз. Осы тұрғыдан алғанда оның белгілі бір пайдасы бар десек те болады. Себебі мидың сол жақ жарты шары рационалды ойлау қабілетіне жауап береді. Бала, әрине, мұндай жағдайда өте ауыр жүктемені арқалайды. Соның салдарынан психикасындағы қандай да бір дүниелер қалып кете береді», — деп жауап берді ол.

Сондай-ақ ол екі қолымен де бірдей жұмыс істей беретіндердің ерекшелігі туралы қоса кетті. 

«Екі қолымен де жазу жаза беретін, жұмыс істей беретіндердің екі жақ жарты шары да бірдей деңгейде болады. Оларды мен ерекше жандар деп атар едім. Мұндай адамдарды графологияда «амбидекстр» деп атайды», — дейді графолог маман. 

Графология деген не?

Графология — адамның жеке тұлғалық қасиеттерін қолжазу арқылы зерттейтін ғылым. Графологтар қолжазудың пішіні, әріптердің мөлшері, сызықтардың қаттылығы мен қалыңдығы, әріптер арасындағы арақашықтық сияқты көптеген белгілерді талдайды. Бұл ғылым XIX ғасырдың соңында Францияда пайда болды және оның негізін салушылардың бірі Жан-Ипполит Мишон болды. Ол әріптердің формасына қарап, адам мінезінің белгілерін анықтауға болады деген пікірді алға тартты.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.