12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыс көлеміндегі көзі тірі  64 соғыс ардагерлерінің денсаулығы да назардан тыс қылмады. Бір топ облыс дәрігерлері соғыс ардагерлерінің үйіне барып, денсаулықтарын тексерді.
Алматы облысының Іле, Кербұлақ аудандық орталық аурханасы мен Қарғалы аудандық ауруханасының дәрігерлері 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық тексеруден өткізді.
Құрамында терапевт, хирург, кардиологтан құралған бір топ дәрігерлер ардагерлерді тексеруден өткізумен қатар нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады. Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектерін жеткізіп берді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ:
-Дәрігерлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Өкінішке орай жылдан жылға соғысқа қатысқан майдангерлер қатары сиреп барады. Медицина қазметкерлері ардагерлерге кез келген уақытта көмек көрсетуге әзір, — деді. Өткен жылы Жеңістің 74 жылдығын Алматы облысында жүзден аса қарт майдангер қарсы алған еді. Биыл 64-і қалып отыр. Олардың ерен ерлігі, ел жадында мәңгі сақталмақ.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...